Билет бағасы қымбаттады

Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елімізде пойызға билет қымбаттап отыр. ҚР Көлік министрлігінің келісімі бойынша теміржол жолаушылар тасымалының тарифтері 20%-ға көтеріледі. Жаңа тариф ағымдағы жылдың 1 қазанынан күшіне енеді.

Әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдау бағасын, яғни тарифтерді көтеру ҚР «Теміржол көлігі туралы» заңның 12-бабына сәйкес жүзеге асырылуда. Елімізде 140 бағдар бойынша жолаушы пойызы қатынайтын болса, жол жүру ақысының қымбаттауы 62 бағдарға әсер етпек. Бірақ салқындатқыш жүйесі жоқ вагондарда 20%-ға дейін жеңілдіктің болатынын да ескерген жөн.  

– Жол ақысын көтеру туралы шешім макроэкономикалық жағдайға байланысты. Инфляция қарқыны, оның ішінде жолаушыларды тасымалдау құнын құрайтын тауарлар мен қызметтер бағасының өсуі субсидиялар мен тарифтердің өсу қарқынынан айтарлықтай асып түсіп отыр. Сонымен қатар вагон паркін жаңарту қажет, көрсетілетін қызметтер сервисін жақсартып, қызметкерлердің жалақысын арттыру керек. Оның үстіне соңғы 10 жылда әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша инфляция деңгейіне индексацияны қоспағанда, жолаушыларды тасымалдау бағасының өсуі байқалмағанын ескеру қажет, – дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілі Нариман Дүйсекеев.  

Жолаушылар вагон паркіне келсек, қазір еліміз бойынша қатынап жүрген 2667 вагонның шынында 44%-ның тозығы жеткен. Сондықтан жекеменшік тасымалдаушылардың да, ұлттық тасымалдаушының да күн тәртібіндегі басты мәселесі – вагон паркін жаңарту болып отыр. Және бұл бағытта қозғалыстың бар екенін де айта кету керек. Мәселен, нақты деректерге сүйенсек, 2023 жылы 118 вагон, ал 2024 жылы 140 жолаушылар вагоны сатып алынған. Алдағы 2025 жылдан бастап жыл сайын 200 бірліктен астам вагон сатып алу жоспарға енгізілген.  

 

Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды