«Алматы-Түркістан-Ташкент-Алматы» бағыты бойынша «Jibek joly» туристік пойызы сапарға шығады

Жолаушылар тасымалы
14.11.2024, 13:11
Оқуға 2 мин

16 қараша күні сағат 13:55-те «Жолаушылар тасымалы» АҚ пилоттық жоба аясында Алматы станциясынан «Жібек жолы» туристік пойызы «Алматы–Түркістан–Ташкент–Алматы» бағытымен жолға шығады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тур 16-20 қараша аралығында өтіп, 5 күнге созылады. Алғашқы саяхатқа 115 турист жолға шығады. Бұл сапар жолаушыларға Қазақстан мен Өзбекстанның мәдени және тарихи мұраларымен жақын танысуға мүмкіндік береді.

Түркістанда жолаушылар бір күн уақыт өткізіп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Арыстан-баб кесенесі, Отырар мұражайы және өзге де тарихи орындарды аралайды.

Ташкентте туристер екі күн өткізеді: алғашқы күні олар Хазрет Имам кешені, Барақхан медресесі, Әбу Бакр Каффали Шаши кесенесі және «Төле би» сияқты тарихи орындарды аралап, Өзбекстан астанасының заманауи көрікті жерлерінің бірі «Magic City» саябағына экскурсия жасайды. Ташкенттегі екінші күн туристердің қаланы өздігінен аралауына арналған.

Барлық экскурсиялар кәсіби гидтердің жетекшілігімен ұйымдастырылады, ал жолаушылардың ыңғайлы қозғалысы үшін заманауи автобустар қарастырылған.

«Jibek joly» пойызы 5 вагоннан тұрады: 4 купелі вагон және жолаушыларға үш мезгіл тамақ ұсынылатын вагон-мейрамхана бар.

Сапар барысында пойызда түрлі ойын-сауық шаралары ұйымдастырылады: шахмат, UNO сияқты үстел ойындары және туристер үшін сыйлықтар ойнатылатын ұтыс ойын өткізіледі.

Жолаушылардың ыңғайлылығы үшін пойызда фильмдер мен деректі бағдарламаларды көруге, музыканы тыңдауға және кітап оқуға болатын Vputi.kz мультимедиялық жүйесі қолжетімді болады. Сондай-ақ, жолаушыларға турдың бағдарламасы мен қалалардың карталары бейнеленген буклеттер ұсынылады. Әрбір жолаушыға естелік ретінде «Түркістан жаңғыру» атты туристік кітап сыйға беріледі.

Айта кетейік, турпакет билеттері туристік агенттіктер арқылы сатылды.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті