ҚТЖ пойыздарында шамамен 60 мың жолаушы Жаңа жылды қарсы алады

Жолаушылар тасымалы
31.12.2024, 09:09
Оқуға 1 мин

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанның пойыздары тұрақты әрі үздіксіз жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Ұлттық тасымалдаушының пойыздарында шамамен 60 мың жолаушы Жаңа жылды жолда қарсы алады. Осы мерекелік күні жолаушылар арасында ең танымал бағыттар – Астана–Алматы, Астана–Шымкент, Алматы–Шымкент, Астана–Семей және Алматы–Семей.

Теміржол қызметкерлері тәулік бойы үздіксіз еңбек етіп, жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін салады. Жаңа жыл түні Қазақстан бойынша вокзалдарда 47 кассир кезекшілік етеді. Ал пойыздарда 73 пойыз бастығы мен 1774 жолаушылар вагонының жолсерігі, жалпы саны 115 пойыз бригадасы қызмет көрсетеді.

Жолсеріктер арасында Жаңа жылды жыл сайын пойызда қарсы алатындар бар. Дәстүр бойынша түнгі сағат 00:00-де олар жақындарына қоңырау шалып, құттықтау сөздерін айтады. Содан соң, отбасысы жіберген жаңа жылдық суреттерді қарап отырып, жанұясының жылулығын сезінеді. Бұл сәттер олардың мерекелік көңіл-күйін сақтап, алға жетелейтін ерекше естеліктерге айналады.  

Жолсерік үшін ең маңыздысы – жолаушылардың межелі жеріне аман-есен, жайлы және қауіпсіз жетуі. Айта кетсек, жұмысқа шыққан жолсеріктер кесте бойынша жолда 15 күн бойы қызмет атқарады.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті