«Jibek Joly 2.0» туристік пойызы кезекті саяхатын бастады

Жолаушылар тасымалы
02.01.2025, 15:15
Оқуға 2 мин

Бүгін Ұлттық тасымалдаушы Алматыдан «Jibek Joly 2.0» туристік пойызын кезекті сапарға шығарды. Пойыз «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Шымкент – Алматы» бағыты бойынша бес күндік саяхат жасайды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Тур 2025 жылдың 2-7 қаңтары аралығында өтеді, бұл сапарға 110 жолаушы қатысып отыр. Екінші турдың басты ерекшелігі — бағытқа Самарқанд пен Шымкент сияқты жаңа қалалардың енгізілуі.

Туристік пойыз отандық өндірістің жаңа вагондарынан құралған. Вагондардың ішкі дизайны ұлттық ою-өрнектермен безендірілген. Пойыз құрамында төрт купелік вагон мен бір мейрамхана вагоны бар.

Түркістанда жолаушылар бір күнін өткізіп, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Арыстан баб кесенесі, Отырар мұражайы және басқа да тарихи орындарды аралайды.

Ташкентте туристер Хазрати Имам тарихи кешені, Барақхан медресесі, Әбу-Бәкір Қаффали Шаши кесенесі мен Төле би мазары сияқты тарихи орындарға барады. Сонымен қатар, «Magic City» тақырыптық саябағы мен басқа да заманауи ойын-сауық орындарын тамашалай алады.

Самарқандтағы бағдарлама аясында жолаушылар Шахи-Зинда кешені, Гур-Эмир кесенесі және атақты Регистан алаңын аралап, ондағы Шер-Дор, Тилля-Кари және Улугбек медреселерін көреді.  

Туристік маршруттың соңғы аялдамасы — Шымкент қаласы, онда қатысушылар қаладағы басты көрікті жерлерді тамашалап, Қазақстанның бай тарихы мен мәдени мұрасымен жақынырақ танысады.

Тур ҚТЖ тарапынан «Өзбекстан темір жолдары» компаниясының, ҚР Туризм комитеті мен Көлік министрлігінің, сондай-ақ Шымкент қаласы мен Түркістан облысы әкімдіктерінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті