Ұлттық тасымалдаушы «Нұрлы жол» вокзалында жайлылығы жоғары аймағын ашты

Ұлттық тасымалдаушы «Нұрлы жол» теміржол вокзалында жолаушыларға арналған жаңа жайлылық аймағын ашты. Бұл жоба «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның филиалы – «Магистральдық желі дирекциясы» және «Нұрлы жол» вокзалының қолдауымен жүзеге асырылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жаңа лаундж-аймақ жолаушыларға пойызды күту уақытын барынша ыңғайлы өткізуге жағдай жасайды. Мұнда қонақтар тынығып, сапар алдында қажетті қызметтерді қолайлы түрде пайдалана алады. Аймаққа кіру құны 2500 теңге, ал болу уақыты шектеусіз.

Аймақтың сыйымдылығы бір уақытта 20-25 адамды құрайды. Қонақтар үшін тегін шай, кофе, тіскебасар, гаджеттерді қуаттауға арналған пауэрбанктер, жоғары жылдамдықты Wi-Fi және шағын кітапхана қарастырылған. Сондай-ақ, жолаушылардың ыңғайы үшін жеке әжетхана бөлмесе қолжетімді.

Лаундж-аймақта пойыздардың келу және жөнелтілу уақытын бақылауға арналған арнайы табло орнатылған, бұл жолаушыларға өз сапар уақытын қадағалауға мүмкіндік береді.

Отбасылар үшін арнайы балалар ойын алаңы қарастырылған, онда кішкентайлар уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізе алады. Сонымен қатар, аймаққа кіру құнына багажды сақтау қызметі де қосылған.

Айта кетейік, «Нұрлы жол» вокзалы күн сайын шамамен 7 мың жолаушыға қызмет көрсетеді. Жаңа лаундж-аймақ барлық жолаушылар санатына қолайлы жағдай жасап, пойыз күту уақытын барынша жайлы әрі жағымды етуге арналған.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға жайлылық аймағының барлық мүмкіндіктерін пайдалану үшін вокзалға алдын ала келуге кеңес береді.

Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады