Пойызда сәбиін дүниеге әкелген ана жолсерікке шынайы алғысын білдірді

Осыдан бір жыл бұрын, №352 «Алматы – Өскемен» пойызында сәбиін дүниеге әкелген жолаушы Алғыс айту күніне орай елордаға күйеуімен бірге арнайы келіп, сол қиын сәтте көмек көрсеткен жолсерік Бағдагүл Әбдәқұловамен қайта жүздесіп, шынайы ризашылығын білдірді. Сол мезетте жолсерік Бағдагүл ханым жедел көмек көрсетіп, сәбиді аман-есен босандырып алып, жаңа туған нәрестенің кіндігін кескен, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жолаушының толғағы Екаша-Айыртау станцияларының арасында басталды. Мұндай күрделі жағдайда жолсерік жедел әрекет етіп, босануға қажетті барлық көмекті дер уағында ұйымдастырды. Соның нәтижесінде, сағат 13:30-да сәби дүниеге келді.

Бағдагүл Әбдәқұлова теміржол саласында 37 жыл табанды еңбек етіп, дәл осындай ерекше жағдайға алғаш рет кезікті. Наурызда жолсерік зейнеткерлікке шығуды жоспарлап отыр. Дегенмен, оның есімі өз ісін адал атқарып қана қоймай, жоғары жауапкершілік, кәсібилік және терең адамгершілік танытқан жан ретінде жастарға үлге болып қалары анық.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық тасымалдаушы пойыздарында бүгінге дейін 14 сәби дүниеге келген.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды