ҚТЖ «Jibek Joly 5.0» туристік пойызының жаңа маусымын іске қосады

Жолаушылар тасымалы
09.07.2025, 11:12
Оқуға 2 мин

19 қыркүйекте «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұйымдастырған «Jibek Joly 5.0» туристік пойызының жаңа маусымы басталады. 6 күнге созылатын сапар барысында жолаушылар Алматы – Түркістан – Отырар – Самарқанд – Бұхара – Ташкент – Алматы бағытымен жүріп өтіп, Ұлы Жібек жолының бойындағы тарихи және мәдени орындармен танысады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Айта кетейік, туристік пойыздың кезекті маусымын іске қосу – Ұлттық тасымалдаушы үшін дәстүрге айналған. Бұл жолғы құрамы – Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын «Jibek Joly» туристік пойызының бесінші сапары. Бұған дейінгі маусымдарда бұл турға 1000-наң астам турист қатысқан.

Туристік пойыз заманауи, жайлы, отандық өндірістен шыққан вагондардан құралған. Іші ұлттық нақыштағы дәстүрлі ою-өрнектермен безендірілген. «Jibek Joly» пойызы 5 вагоннан тұрады (оның ішінде 4 купе және 1 мейрамхана вагоны бар).

Бағыт Қазақстан мен Өзбекстанның мәдени және тарихи орталықтарын қамтиды. Алты күн ішінде тур қатысушылары Хожа Ахмет Ясауи кесенесі, Отырар қалашығы, Бұхарадағы Арк қамалы мен Ляби-Хауз алаңы, Самарқандтағы Әмір Темір кесенесі мен Регистан алаңы, Ташкенттегі Төле би кесенесі мен Хазрет Имам мемориалдық кешені сияқты ірі сәулет және тарихи ескерткіштерді аралайды.

Туристік пакет құнына пойызбен жол жүру, кәсіби гидтермен бірге жүретін туристік бағдарлама, экскурсиялар мен барлық кіру билеттері, сондай-ақ туроператорлар ұйымдастырған трансферлер кіреді.

Туристік пойыз ҚТЖ компаниясының бастамасымен, «Өзбекстан темір жолдары», ҚР Туризм комитеті, Көлік министрлігі және Kazakh Tourism қолдауымен ұйымдастырылған. «Jibek Joly» туристік пойызын іске қосу – теміржол туризмін дамыту жолындағы маңызды қадам, ол Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени байланысты нығайтып, өңірдің тарихи мұрасын кеңінен насихаттауға ықпал етеді.

Тур туралы барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады: WhatsApp: +7 777 254 43 35, +7 702 218 68 09, +7 775 942 94 95.

 

Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды