«Burabay Express» электропойызы іске қосылды

Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астана – Бурабай курорты бағытына қатынайтын «Burabay Express» электропойызының тұсауы кесілді. «Нұрлы жол» теміржол вокзалына отандық зауыттан шыққан су жаңа электропойыз туристік бағдар бойынша жолға шықты.

Жаңа буын электропойызының іске қосылуы барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов туристік және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне арналған көшпелі кеңес өткізді. Электрпойыз бортында өткен кеңеске Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов, «KazakhTourism» АҚ және Туризм комитетінің өкілдері қатысты. Мәртебелі меймандар су жаңа электропойызды аралап көріп, жолаушыларға ұсынынылатын сервистік қызметтермен танысып шықты.  

Кеңес барысында Алакөл, Бурабай, Балқаш сынды курорттық аймақтармен теміржол қатынасын дамыту, вокзалдарды жаңғырту және қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Жолаушыларды тасымалдау үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар балаларға арналған жеңілдікпен жол жүру мүмкіндіктері отбасылық туризмді дамытуға жақсы алғышарттар жасайтыны атап өтілді.  

Басқарма төрағасы жолаушылар пойыздарының қозғалысын қамтамасыз етуде кестеден ауытқуды жедел әрекет ету арқылы азайтуды, сондай-ақ туристік бағыттарды дамыту мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беруді тапсырды. Ел аумағындағы 125 вокзалдың жөндеу жұмыстарының барысы да сөз болды. Жұмыстардың мерзімінде және сапалы орындалуының маңыздылығы назардан тыс қалмады.  

«Burabay Express» электропойызын шығарып салу рәсімінде сөз сөйлеген «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов жолаушыларға жоғары сервис ұсыну – ұлттық тасымалдаушы қызметінің басты ұстанымы екенін жеткізді.  

– «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға Астана – Бурабай курорты бағдары бойынша №888/887 «Burabay Express» жаңа буын электр пойызын ұсынып отыр. Жаңа электропойыз Петропавл қаласындағы отандық зауытта шығарылған және сандық шешімдерді есепке ала отырып, көп деңгейлі сервистік қызмет көрсетуді, жылдам қозғалысты біріктіре, халықаралық стандарттардың барлық талаптарына сәйкес келеді. Елордадан Қазақстанның ең танымал туристік бағыттарының біріне дейін сапар небәрі 2,5 сағатты алады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға пойызға елорданың екі вокзалынан мінуді және курорттық аймақтағы қонақүйлерге кіру мен шығу үшін ыңғайлы кестені ұсынып отыр, – деді Әнуар Ахметжанов.

«Burabay Express» аптасына бес рет жүреді. Бұл бағдарға билеттерді клиенттер алғаш рет пойыз жөнелтілгенге дейін 45 күн бұрын сатып ала алады. Жол жүру құнына келсек, бірінші класты вагонға 5 805 теңге, екінші класты 3 586 теңге және үшінші класты 2 962 теңге. Астанадан таңертең сағат 11:00-де жөнелтілген электропойызы Бурабай курорты станциясына сағат 13:35-те келіп жетсе, ал Бурабай курортынан осы күні сағат 14:15- те кері қайта жолға шығып, елордада сағат 17:00-де болады. Электропойыздың қала маңындағы құрамына ауаны баптау жүйесі, қызмет көрсетудің жайлы үш класы бар, 374 орынға есептелген 6 вагон кіреді. Бірінші класты жолаушыларға реттелетін арқалықтары мен жеке үстелдері, багажға арналған сөресі бар жоғары жайлылық креслолары ұсынылады. Ақпараттық және ойын-сауық контентін көрсету үшін мониторлар жабдықталған, Wi-Fi мультимедиялық жабдықтары орнатылған. Әрбір отырғызу орнында гаджеттер мен мобильді құрылғыларға арналған USB қосқыштары бар. Вагон сапар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Жолаушыларға борттық тамақтану ұсыну жағы қарастырылуда. Екінші класты вагон қолжетімді баға мен қызметтің жоғары деңгейін, Wi-Fi мультимедиялық жабдықтарын, бейнебақылауды, ұялы телефондардың зарядтау нүктелерін біріктіреді, сонымен қатар әртүрлі сусындар мен әртүрлі мәзірлерді сататын купе-буфет орнатылған. Ал үшінші класты вагонда жылдам зарядтау функциясы бар кіріктірілген USB/Type-C розеткалары бар ыңғайлы креслолы орындар қарастырылған. Тамбур аймағында велосипед тұрағы үшін қолжетімді орын да бар. «Burabay Express» инклюзивтілік, ыңғайлылық және қолайлылық қағидаттарын ескере отырып әзірленген. Жаңа электропойыздың үшінші класы екі жағынан да платформалық көтергіштермен және арнайы санитарлық аймақпен жабдықталған, бұл ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларға қолайлы болмақ.  

Барлық вагондарда платформасы төмен станциялардан отыруды және түсуді жеңілдететін автоматты жылжымалы аяқ тіректері бар, бұл әсіресе егде жастағы адамдар мен балалары бар жолаушылар үшін ыңғайлы. Сондай-ақ арнайы қажеттіліктері бар жолаушыларға арналған кеңейтілген кабиналарды қоса алғанда, биодәретханалар орнатылған. Пойыздың сыртқы келбеті Ұлттық тасымалдаушының фирмалық стилінде безендірілген. Локомотив бригадалары үшін де қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз ететін көп позициялы реттелетін эргономикалық креслолар қарастырылған.  

«Burabay Express» жаңа құрамын іске қосу – бұл қызмет көрсету сапасын арттыруға, инновацияларды енгізуге және барлық азаматтар үшін көлік қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған қала маңындағы тасымалдарды дамытудағы кезекті қадам», – деді Әнуар Ахметжанов.

 

Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ ұйымдастырған мерекеге 5000 бала қатысты
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ Жетісу облысында 140 орындық жаңа балабақшаны ашты
Әлеумет
01.06.2026
Мерекелік сурет байқауы
Аймақтар
01.06.2026
«WorldSkills – 2026»: Тараздық студенттердің жетістігі
Әлеумет
01.06.2026
Балаларға базарлық
Инфрақұрылым
01.06.2026
«Бейнеу – Маңғыстау» жобасының іске асырылу барысы
Жолаушылар тасымалы
01.06.2026
ҚТЖ пойыздарының жолсеріктері балаларды мерекемен құттықтады
Әлеумет
31.05.2026
Армандар орындалады
Жолаушылар тасымалы
31.05.2026
ҚТЖ пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды
Әлеумет
30.05.2026
Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды
Жолаушылар тасымалы
30.05.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ багаж тасымалын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
30.05.2026
Теміржолшыларға алғашқы көмек көрсету дағдылары мен төтенше жағдайдағы әрекеттері үйретілді
Жаңалықтар
30.05.2026
ҚТЖ Балаларды қорғау күні қарсаңында қызметкерлерінің 100 дарынды балаларын қолдады (ФОТО)
Жаңалықтар
29.05.2026
ҚТЖ үздік рационализаторларды марапаттады
Жолаушылар тасымалы
29.05.2026
ҚТЖ жазғы маусымға үш қосымша қала маңы пойызын тағайындады
Жаңалықтар
29.05.2026
Көлік министрлігі Ақтау портының акваториясын тереңдету жобасын талқылады
Аймақтар
29.05.2026
Теміржол энергетиктерінің қажырлы еңбегі
Аймақтар
29.05.2026
Ревизорлар неге алаңдайды?
Қауіпсіздік
29.05.2026
Полиция қызметкерлері оқушыларға жол қауіпсіздігін түсіндірді
Аймақтар
29.05.2026
Сыр өңіріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен семинар-кеңес өтті