«Keruen Express» турпойызымен 130-дан астам жолаушы сапарға аттанды

Жолаушылар тасымалы
26.08.2025, 18:03
Оқуға 2 мин

26 тамыз күні «Жолаушылар тасымалы» АҚ іске қосқан «Keruen Express» туристік пойызы «Алматы–Түркістан–Самарқан–Бұқара–Ташкент–Алматы» бағыты бойынша 130-дан астам жолаушы сапарға шықты, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Бұл бағыт Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстырып, жолаушыларға екі елдің тарихи және мәдени мұраларымен танысуға бірегей мүмкіндік береді. Саяхат ұзақтығы – 6 күн: 2025 жылғы 26–31 тамыз аралығы.

«Туроператорлардың қолдауымен Алматы қаласындағы Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығының 25 тәрбиеленушісі осы турға тегін қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл – балалар үшін жаңа қалаларды көріп, өңірдің мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға зор мүмкіндік», – деп атап өтті, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов.

Аталған құрам Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын жетінші турпойыз болды. Пойыз бес заманауи вагоннан тұрады: төртеуі – купе, біреуі – вагон-мейрамхана. Барлық вагондар отандық өндірістен шыққан, жолаушыларға қолайлы сапарды қамтамасыз етуге қажетті жабдықтармен толық жасақталған. Ішкі безендіру ұлттық нақышта, қазақтың дәстүрлі ою-өрнектерімен өрнектелген.

Маршрут екі елдің ең ірі мәдени және тарихи орталықтарын қамтиды. Бағдарламада Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Отырар қалашығы, Самарқандтағы Әмір Темір кесенесі мен әйгілі Регистан алаңы, Бұқарадағы Арк қамалы мен Ляби-Хауз кешені, Ташкенттегі Хазрет Имам мемориалдық кешені мен Төле би кесенесі және басқа да тарихи орындар бар.

Тур бағасына пойызбен жол жүру, кәсіби гидтердің қатысуымен экскурсиялық бағдарлама, тарихи нысандарға кіру билеттері және туроператорлар ұйымдастырған трансферлер кіреді.

«Keruen Express»-тің іске қосылуы – теміржол туризмін дамытудың маңызды қадамы. Бұл бастама Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени байланыстарды нығайтып, өңірдің тарихи мұрасын кеңінен насихаттауға ықпал етеді.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды