Аяз ата мен Ақшақар жас жолаушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

Жолаушылар тасымалы
30.12.2025, 09:34
Оқуға 1 мин

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Kaztechnology компаниясымен бірлесіп, безендірілген пойыздар мен электр пойыздарында жолаушыларды келе жатқан Жаңа жылмен дәстүрлі түрде құттықтады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Аяз ата мен Ақшақар кейпіне енген жолсеріктер жолаушыларға жылы лебіздерін білдіріп, балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстауда. Балалар ерекше қуанышпен Аяз атаға өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл күйді одан әрі толықтыруда. Аталған құттықтаулар аясында 2 мыңнан астам балаға сыйлықтар табысталады.

№11/12 «Алматы – Шымкент», №85/86 «Алматы – Шымкент», №7502/7501 «Астана – Павлодар», №67/68 «Астана – Өскемен», «Астана-Бурабай» бағыттары бойынша қатынайтын пойыз вагондары қар ұшқындары, шырша ойыншықтарымен безендірілген. Бұл құрамдар қаңтар айына дейін жолаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлайтын болады.

Жолаушылардың айтуынша, жаңа жылдық пойыздар сапар барысында ерекше жайлылық пен мерекелік атмосфера қалыптастырып, келе жатқан Жаңа жылдың лебін сезінуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Жаңа жыл түні де Аяз ата мен Ақшақар пойыздарда жолаушыларды мерекемен құттықтайды.

 

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды