Қай жаста тегін, қай жаста ақылы: пойыздағы балалар билеті

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға теміржол көлігімен балаларды тасымалдаудың қолданыстағы ережелерін еске салады. Ережелерге сәйкес, ата-аналар 7 жасқа дейінгі бір баланы жеке орынсыз тегін алып жүре алады, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Балаға жеке орын қажет болған жағдайда, балалар билеті міндетті түрде рәсімделуі тиіс. Егер отбасыда 7 жасқа дейінгі бірнеше бала болса, әрбір ересек жолаушы тек бір баланы ғана тегін алып жүре алады, ал қалған балалар үшін балалар билеті сатып алынады.

7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар пойызбен тек балалар билеті арқылы ғана сапарлай алады. Балалар билеті ересектерге арналған жолақының 50 пайызын құрайды.

15 жастан асқан балаларға толық құны бар ересектер билеті рәсімделеді. Олар пойызда өздігінен сапарлай алады, алайда бұл жағдайда ата-анасының немесе заңды өкілінің нотариалды куәландырылған жазбаша рұқсаты болуы міндетті.

Мемлекетаралық бағыттарда балаларды тасымалдау келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

– 5 жасқа дейінгі балалар жеке орын берілмеген жағдайда тегін сапарлай алады;

– 5 пен 10 жас аралығындағы балалар үшін арнайы балалар тарифі қолданылады;

– 10 жастан 15 жасқа дейінгі балалар Қазақстан аумағында жолақының 50 пайызын төлейді, ал шетел аумағында толық тарифпен жол жүреді.

Бала ата-анасымен бірге сапар шеккен жағдайда, билет сатып алу және пойызға отыру кезінде баланың туу туралы куәлігі немесе төлқұжаты ұсынылуы қажет. Егер баланы заңды өкілі емес адам ертіп жүрсе, екі ата-ананың нотариалды куәландырылған жазбаша рұқсаты талап етіледі.

Сонымен қатар барлық бағыттарда балаларға арналған контенті бар мультимедиялық сервистер жұмыс істейді, ал вагон-мейрамханаларда кішкентай жолаушыларға бейімделген арнайы мәзір ұсынылады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және балалардың әрдайым ересектердің бақылауында болуын қамтамасыз етуге шақырады.

Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне тегін қоңырау шалуға болады.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты