Вокзалдарда мүгедектігі бар жолаушыларға арналған жаңа сүйемелдеу қызметі іске қосылды

Жолаушылар тасымалы
04.02.2026, 09:16
Оқуға 2 мин

Ұлттық тасымалдаушы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Магистральдық желі дирекциясы» филиалымен бірлесіп, мүгедектігі бар жолаушыларға арналған жаңа сүйемелдеу қызметін іске қосты. Аталған сервис вокзал қызметкерлерінің көмегін алдын ала рәсімдеуге мүмкіндік беріп, жолаушыны автокөліктен вагонға дейін және кері бағытта, сондай-ақ, вокзал аумағында толық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Теміржол көлігімен сапарлау кезінде көмек алу өтінімін bilet.railways.kz сайтында рәсімдеуге болады.

Қазіргі таңда қызмет арнайы арбалармен жабдықталған 57 вокзалда қолжетімді. Егер таңдалған вокзалда қызмет уақытша көрсетілмесе, билет рәсімдеу кезінде тиісті опциялар көрінбейді.

Қызметті рәсімдеу үшін:

1. bilet.railways.kz сайтынан билет сатып алу;

2. Сатып алу барысында «Мүгедек» опциясын таңдап, ЖСН мен мүгедектік туралы анықтаманың нөмірін көрсету;

3. Қажетті көмек түрлерін белгілеу.

Қолжетімді көмек түрлері:

• пойыз жөнелтілер алдында вокзал қызметкерінің сүйемелдеуі;

• пойыз жөнелтілер алдында арнайы арба ұсыну;

• пойыздан түсу кезінде вокзал қызметкерінің сүйемелдеуі;

• пойыздан түсу кезінде арнайы арба ұсыну.

Өтінімді алдын ала рәсімдеу вокзал қызметкерлеріне дер кезінде дайындалып, жолаушыға сапардың барлық кезеңінде уақтылы әрі толыққанды көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін жол жүруге жеңілдікті шарттар қарастырылған:

• әлеуметтік маңызы бар бағыттарда — 50% жеңілдік;

• коммерциялық «Тальго» пойыздарында арнайы купелерге, оның ішінде ілесіп жүретін адамға арналған орынға — 50% жеңілдік.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ресми Instagram парақшасынан @jolaushylar_tasymaly білуге болады.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды