ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты

Жолаушылар тасымалы
21.08.2026, 13:00
Оқуға 2 мин

Жолаушылардың сұранысын ескере отырып, Ақмола және Қостанай облыстары тұрғындары үшін теміржол қатынасының қолжетімділігін арттыру және сапарға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ №225/226 «Нұрлы жол – Арқалық» жолаушылар пойызының қатынау мерзімін 2026 жылдың соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«№225/226 «Нұрлы жол – Арқалық» пойызы бастапқыда жолаушылар ағынын зерделеу үшін тамыз айының соңына дейін сынақ тәртібімен іске қосылған болатын. Азаматтардан түскен өтініштер мен қалыптасқан сұранысты талдай келе, пойыздың қатынауын жыл соңына дейін жалғастыру туралы шешім қабылданды. Бағыттың тағы бір ерекшелігі – пойызда Starlink технологиясы арқылы спутниктік интернеттің іске қосылуы. Ал пойыздың қолайлы жүру кестесі жолаушыларға өңірлер арасындағы сапарын ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл шешім, ең алдымен, тұрақты көлік қатынасын сақтауға және жолаушылар үшін теміржол қызметінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған», — деп атап өтті, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.

Жолаушыларды тасымалдау 2024 жылы шығарылған RWS Wagon жаңа вагондарымен жүзеге асырылады. Пойыз құрамында 3 купе және 3 плацкарт вагоны бар. Бір бағытта 250-ден астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Вагондар жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығына қойылатын заманауи талаптарға сай жабдықталған. Вагондарда ыңғайлы жатын орындар, жеке жарықтандыру шамдары, USB порттары және электр розеткалары қарастырылған. Вагондардың қызмет ету мерзімі 40 жылға дейін.

Пойыз күнара қатынайды. Бағыт бойынша пойыз Нұрлы жол, Жалтыр, Атбасар, Жақсы, Есіл, Державинск, Арқалық және басқа да станцияларда аялдайды.

Жол жүру билеттерін bilet.railways.kz ресми сайтынан және «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасында қолжетімді.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды