Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026, 13:24
Оқуға 2 мин

Сиань (ҚХР) – Алматы бағыты бойынша қатынайтын халықаралық туристік пойыз Алматыға келді. Жоба теміржол туризмін дамытуға және Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік байланысты кеңейтуге бағытталған, деп хабарлайды Rail-news.kzті туристік пойыз 14 қыркүйекте Сиань қаласынан жолға шықты. Бағыт Ұлы Жібек жолының тарихи желісімен Қытайдың солтүстік-батыс өңірлері мен Шыңжаң арқылы өтіп, Қорғас арқылы Қазақстан-Қытай шекарасын кесіп өтті.

Қазақстан аумағында туристерді тасымалдауды «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұйымдастырды. Халықаралық туристік пойыздың қозғалысы үшін шекаралық рәсімдер мен екі елдің теміржол қатынасын үйлестіру ескерілген арнайы қозғалыс кестесі әзірленген.

«Туристік пойыздарды дамыту – біз үшін стратегиялық маңызы бар бағыттардың бірі. Теміржол қалалар мен өңірлерді, тарихи және табиғи нысандарды бір бағытқа біріктіріп, мазмұнды туристік бағдарлар құруға мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз – шетелдік серіктестермен бірлесіп, осы бағытты одан әрі дамыту, Қазақстан бойынша саяхат географиясын кеңейту және жолаушыларға сапалы туристік өнім ұсыну», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.

Алматыда қонақтар үшін арнайы мәдени-танымдық бағдарлама әзірленген. Туристер қаланың тарихымен, мәдениетімен және табиғи көрікті жерлерімен танысады. Бағдарламаға Тәуелсіздік монументі, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ, Вознесенск кафедралы шіркеуі, Орталық мешіт, Көктөбе, Шымбұлақ, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі және өзге де туристік нысандар енгізілген.

Сиань – Алматы бағытындағы алғашқы халықаралық туристік пойызды Қытай тарапы 2025 жылы іске қосты. 2026 жылғы маусымда Ұлттық тасымалдаушының пойыздары пайдаланылған алғашқы рейс жүзеге асырылды. Бұл – биылғы екінші рейс.

Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстанды тартымды туристік бағыт ретінде танытуға бағытталған жұмыстар аясында жүзеге асырылуда.

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды