Қыс шанаңды жаз сайла

Ел шығысындағы қатты отын мәселесі биыл жылдағыдан ертерек қолға алынды. Өткен жылғыдай қарбалас орын алып, тапшылық туындамауы үшін жергілікті тұтынушылар облыс басшылығының тапсырмасымен көмірді мамыр айынан сатып ала бастады. Ал, бұл жайт теміржолшылар үшін көмір тасымалын ширату қажеттігін тудырды. Осы мақсат аясында Семей ЖТ басшылығы облыстық және қалалық әкімдіктермен бірге негізгі номенклатуралық жүктерді тиеу мен тасымалдауды арттыру бойынша арнайы кездесулер өткізген болатын. Тіпті, өткен айдың соңында қалалық әкімдіктер «Қаражыра» АҚ-мен меморандумға қол қойды. Соның аясында алдағы жылу беру маусымына ертерек даярланып, аймақтағы жылу беру көздерін көмір қорымен жетекілікті әрі үзіліссіз қамтамасыз ету шаралары межеге алынды. Сондай-ақ, теміржолшылар «Қаражыра» АҚ басшылығымен және облыстағы өзге де көмір қабылдаушы клиенттермен келіссөздер жасап, жаз айларында, яғни, дәл қазіргі күндері көмір тасымалын ұлғайту ісі мейлінше қарқынды әрі табысты түрде жүргізілуде. Нәтижесінде бүгінгі таңда көмір тиеу өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 590,0 тоннаға ұлғайып, 3096,9 мың тонна отынды құрап отыр. Мәселен, теміржолшылар бір ғана облыстық жылу электр орталығының қажеттілігі үшін мамыр-маусым айларында 90 мың тонна көмір жеткізіпті. Бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 3,3 есе көп екен. Тұтыну мөлшерінің былайша артуына тек алдағы қысқа даярлық қана емес, облыс әкімінің тапсырмасымен Семей қаласында жазғы маусымда да ыстық судың үзіліссіз берілуі себеп болып отыр. Жалпы, ішкі сұраныс үшін көмір тасымалы әлі артатын болады. Себебі, өткен жылы шағын қазандықтар мен кәсіпорындар көмірді жаппай күзде сатып ала бастағандықтан елді мекендердегі көмір тиейтін жерлерде тапшылық байқалып, ұзын-сонар кезек туындаған болатын. Биыл оның қайталанбауы үшін алдын алу жұмыстар атқарылып жатыр. Әкімдіктер әр мекеме мен жылу орталықтарының көмірді кестеге сай сатып алуын, жеткізілуін қатаң қадағалауға алған. Ал, жазғы мерзімде дәл осындай көмір қарбаласы соңғы 20 жылда орын алмапты. Семей ЖТ бөлімшесінің басшысы Марлен Көкірекбаевтың айтуынша, қазіргі күні экспортқа шығарылатын көмір динамикасының да артуы байқалып отыр. Атап айтсақ, 1-ші шілде күнгі көрсеткіш бойынша экспортқа жіберілген көмір 511,2 мың тоннаға жетіп, 181 пайызды құрапты. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 229,6 тоннаға артық деген сөз. Жалпы, бұл тараптағы көрсеткіш соңғы үш жыл қатарынан қарқынды түрде артып келеді екен. Ал, тиелінген көмірді уақытында, қауіпсіз әрі мол көлеммен жеткізу үшін Семей ЖТ бөлімшесі тарапынан ауыр салмақты ұзын жылжымалы құрамдар мен тыңнан қолға алынған эксклюзивті жоба – «шаттл» пойыздары қолданылуда.   Қуаныш Қожаев, Семей
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады