Көмір қамданысы қарқын алды

Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қыс шанасын жаз сайла» демекші, жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жазда қолға алуды дәстүрге айналдырған. Мәселен, Семей қаласында көмір тасымалы үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен басталады.

Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ, қала әкімдігі және өңірдегі негізгі жүк жөнелтуші компания – «Қаражыра» АҚ өкілдері қатысып, көмірдің үздіксіз жеткізілімін қамтамасыз ету мәселесі талқыланған жиында мәлім болды. Жиын қорытындысы бойынша әкімдік пен жеке меншік компания арасында меморандумға қол қойылды. Тараптар Семей қаласын толық көлемде, соның ішінде жылу электр орталығын көмірдің нормативтік қорымен қамтамасыз етуге келісті. Сатып алулар ағымдағы жылдың 15 маусымы мен 15 қыркүйегі аралығында жүзеге аспақ. Бұл жерде Семей жүк тасымалы бөлімшесі тапсырыс беруші әкімдікке жүк жөнелтуші компанияның көмірін тасымалдаумен айналысатын болады. Тасымалдау үдерісіне қатысушылардың бірлесе жұмыс істеп, күш біріктіруінің арқасында туындаған барлық мәселе шұғыл шешімін тауып жатқанын айтады теміржол саласы мамандары. Жыл сайын өңірде қала әкімі орынбасарының төрағалығымен алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жүргізетін штаб құрылып, тұрғын үй-коммунальдық шаруашылық және әлеуметтік саланың барлық нысандарын дайындау бойынша Іс-әрекеттер жоспары бекітіледі екен.

«Семейлік теміржолшылар үшін абыройлы міндеттердің бірі – көмір тасымалы. Ел көлемін қатты отынмен қамтуда бірінші кезектегі жауапкершілік жергілікті сала мамандарына жүктеледі. Сондықтан да, Семей ЖТ бөлімшесі бойынша көмір тиеу мен жөнелтудің өзіндік жоспары жасалынып, жыл бойы жүзеге асырылады. Бұл ретте теміржолшылар қауымы өткен жылды мейлінше табысты қорытындылап, ағымдағы жылға тың міндеттемелер қойып отыр.Биыл Семей жылу электр орталығына «Қаражыра» АҚ-ның 450 мың тонна көмірін жеткізу жоспарланып отыр. Былтыр тас көмір көлемі 415 мың тоннаны құраған еді. Жалпы биыл тасымалданатын көмір көлемі өткен жылға қарағанда 2% артық болады деп күтілуде. Сондықтан Семей жүк тасымалы бөлімшесінде көмір тасымалы ерекше назарда. Және де жылжымалы құрамды жүк тиеуге уақытылы әрі тұрақты жеткізіп тұру бақылауға алынған», – дейді Семей ЖТ бөлімшесі директоры Марлен Көкірекбаев.

Ал қала әкімдігі тұрғындар мен бизнес саласындағы компанияларға алдағы жылу маусымына қатты отынды қазірден бастап сатып алуға кеңес беріп отыр. Себебі көмір тиеуде және түсіруде вагондардың ұзақ тұрып қалуына жол бермеу керек. Сондықтан көмір сақтау алаңдарын ұлғайтып, көмірдің жаппай түсіріліміне техникалар мен механизмдерді қазірден дайындағаны абзал.

Семей темір жолы бойынша көмір тиелімін өңірде тек «Қаражыра» акционерлік қоғамы жүзеге асыруда. Өткен жылдың жұмыс қорытындысына сүйенсек, былтыр жүк жөнелтуші кәсіпорын аумағынан 7,6 миллион тоннадан астам көмір тиеліпті. Бұл көрсеткіш алдыңғы жыл деңгейінен 840 мың тоннаға артық шығыпты. Ал биыл қалада жаңа аудандардың қосылып, соған орай жылу электр орталықтарының бой көтеруіне байланысты көмір көлемі көбейіп отыр.

Атап өтерлік жайт, теміржолшылар, облыс әкімдігі, көмір жөнелтуші кәсіпорын мен жүк қабылдап алушылардың бір жеңнен қол шығара жұмыс істеуінің арқасында дер кезінде көмір қорын жасауға мүмкін болған. Оның үстіне, көмір тиелімінің негізгі көлемін күзқыс маусымынан жаздың жайма- шуақ айларына ауыстырудың да оң ықпал еткені байқалып отыр. Нақты дерекке сүйенсек, 20182019 жылдардың жылу беру маусымында, яғни 2018 жылдың мамырынан 2019 жылдың сәуірі аралығында еліміздің жылумен жабдықтаушы кәсіпорындарына 2,7 млн тонна көмір тиелген. Ол өткен жылдың деңгейінен 5,3%-ке жоғары болып отыр. Ал  Қазақстанның тұтынушыларына өткен жылдың жылу беру маусымында 3,5 миллион тонна коммуналдық-тұрмыстық көмір артылған. Жалпы биылғы маусымда «Қаражыра» разрезінде 9 млн тонна – рекордтық көмір шамасын өндіру межеленіп отыр. Көмір еліміздің барлық облыстарына таратылып, жеткізіледі. Соның ішінде жүк тиелімінің негізгі бөлігі қысы қатты болатын Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарына жөнелтіледі екен. Десек те, қаражыралық қатты отынға сұраныс оңтүстік өңірдегі Алматы және Түркістан облыстарынан да бар екен.              

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады