Жүк жеткізілімінде жылдамдық маңызды

Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы биылғы бірінші жартыжылдықты коронавирус пандемиясының ылаңына және әлемде қалыптасып отырған экономикалық күрделі жағдайға қарамастан толайым табыстармен тәмамдады. Оның жарқын көрінісін, транзиттік контейнерлік жүк тасымалы көлемінің еселеп артуынан көреміз. Мәселен, алты айда еліміз арқылы 105 мың ЖФЭ тасымалданған.

Нақтысында бастапқыда 60 мың ЖФБ жоспарланған болатын. Сөзіміз дәйекті болу үшін, өткен жылдың есепті мерзіміндегі транзиттік тасымал көлемін алып қарайтын болсақ, былтыр 51 мыңнан астам жиырмафуттық эквивалентті контейнер тасымалданған.

Осылайша, биыл екі тоқсанда Қазақстан арқылы теміржол көлігімен контейнерлер тасымалы көлемінің 54% артқанын көреміз. Осы ретте, биыл транзиттік контейнер ағымының өсуіне Беларусь және Ресей мемлекеттері арқылы өтетін «Солтүстік дәліздің» де оң ықпал еткенін айтып отыр Ұлттық компанияның логистик мамандары. Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында ҚТЖ инфрақұрылымы арқылы жалпы транзит көлемі 35% артып, 10,2 млн тоннаны құраған.

Соның ішінде вагон бойынша жөнелтілім 32%, контейнерлік тасымал 54% өскені байқалады. Осы ретте, мамандар биыл ақпан айында көрші елде қытайлық өнеркәсіптің тоқтап тұруына байланысты контейнер транзиті бірталай құлдырап кеткенін, алайда, сәуір, мамыр және маусым айларында тасымал көлемі айына 100 мың ЖФБ-ні құрап, межелі жоспардан анағұрлым асып түскенін айтып отыр.

Нәтижесінде, Қытай – Еуропа – Қытай бағдары бойынша транзит көлемі 91% артты. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қазіргі көтеріңкі көрсеткіштерді сақтап қалу жолында тиімді жұмыстарын жалғастыруды көздеп отыр.

Атап айтқанда, олар Қазақстан аумағы арқылы жоғары қозғалыс жылдамдығын сақтап қалу, әкімшілік кедергілерді төмендету және инфрақұрылымды одан ары қарай жаңғыртып, жетілдіру. Осы арада, шекаралық Достық станциясында контейнерлерді өңдеуге арналған екі қосымша терминал салу жоспарланып отырғанын айтар едік.

«Қазақстан – Азия мен Еуропа арасындағы құрлықтағы сауда үшін көліктік және логистикалық орталық. Бұл ретте жүктерді жеткізу жылдамдығының артуы – құрлықтағы маршруттың теңіз бағыты алдындағы бәсекелестіктегі басты артықшылығы болып табылады.

Елімізде транзиттік тасымалдарға ерекше мән беріледі, өйткені, ол жүк айналымында тек 13%-ды құраса да, табыстың 30%-ын әкеліп отыр», – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Павел Соколов.

Оның айтуынша, Қазақстан аумағы арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерінің даму перспективалары да зор. Олай дейтініміз, бұл бағыттар бойынша жүктерді жеткізудің орташа жылдамдығы бүгінде 13-16 күнді құрайды, ал он жыл бұрын шамамен 40 күн болатын.

«Бұл – технологиялық процестерді оңтайландыру, жеткізу мерзімін қысқарту бойынша күнделікті бірлескен жұмыстың нәтижесі», – дейді білікті маман.

Сала мамандары да 2030 жылы Қытай мен Еуропа арасындағы әрбір оныншы контейнер темір жолмен тасымалдануы мүмкін екенін айтады. Бұған көп жағдайда тасымалдау уақытының қысқаруы ықпал етпек. Мысалы, Достық станциясынан Беларусьтің Брест қаласына дейінгі ұзындығы 5300 шақырымнан асатын маршрут жолы бүгінде 4,9 күнді құрап отыр. Демек, жүк Қытайдан Еуропаға 11 күн шамасындай аз уақыт ішінде тасымалдануда.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты