Коммерциялық пойыздар жолға шығады

Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жазғы маусым қарсаңында халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тальго» вагондарынан құралған төрт коммерциялық пойызды іске қоспақ. Мәселен, 1 маусымнан бастап «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Атырау» бағытындағы №19/20 пойыз күн сайын Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станциясынан тақ сандар бойынша, Атырау станциясынан жұп сандар бойынша жөнелтілетін болса, «Алматы-2-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» бағытындағы № 701/702 пойызы күн сайын қатынайды. Ал 2 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станциясынан «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Орал» бағытындағы №95/96 пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан жұп сандар бойынша, Орал станциясынан тақ сандар бойынша шығатын болады. Сондай-ақ, 3 маусымнан бастап «Алматы-2-Түркістан» бағытындағы № 71/72 пойыз Алматы-2 станциясынан тақ сандар бойынша, ал Түркістан станциясынан жұп сандар бойынша қатынайтын болады. Ұлттық тасымалдаушы компания жолаушыларға жол жүру құжаттарын онлайн, соның ішінде BILET.RAILWAYS.KZ ресми сайты арқылы рәсімдеуге кеңес беріп, коронавирустық инфекцияның таралуы кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды, сонымен қатар, жол жүру барысында өздерімен бірге жеке бас қорғаныш құралдарын (бетперделер, қолғаптар, антисептиктер) алып жүруді сұрайды. Жолаушылар сервистік қызметтердің сапасы бойынша өз ұсыныстары мен шағымдарын бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін «1433» байланыс орталығына жібере алады. Осы арада, ескеретін бір жайт, өтінішті жіберген кезде сапар күнін, пойыздың, вагонның және орынның нөмірін, сондай-ақ кері байланыс үшін байланыс құралын көрсетуі қажет. Ал пойыздар қозғалыс кестесі туралы барлық ақпаратты «105» анықтама қызметінен алуларына болады.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты