Тәуелсіздік алған жылы туған жас маман ғылым мен өндірісті ұштастырып жүр

ҚТЖ келбеті
17.11.2021, 11:34
Асхат Райқұл

Сержан бәзбіреулердей теміржолшы отбасынан шықтым деп мақтана алмайды, әкесі де, анасы да теміржолшы емес. Ал өзі теміржол саласында жоғары оқу орнын бітірді, магистратурада одан әрі докторантурада білімін жалғастырып, ғылыммен шұғылданды. Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданына қарасты Түлкібас ауылында 1991 жылы мамырда туған ол – Тәуелсіздіктің төл құрдасы. Ауылдың іргесінен күні-түні бір тынбай пойыздар ағылып жататын. Бала Сержан жаздың тымырсық түндерінде жұлдыз санап әкесімен далада жатады. Түн тыныштығын арасында гүрілдеген пойыздардың үні бұзатын... Ауылдағы Б.Момышұлы атындағы №7 орта мектепті бітірген соң, қатарластарымен бірге Алматыға жол тартты. Ешқайда бұрылған жоқ. Бірден Қазақ көлік және коммуникация академиясына барып, құрылыс мамандығына құжаттарын тапсырды. Сынақ оңайға соққан жоқ, алайда өтті. Мемлекеттік грантты жеңіп алды. 2012 жылы бұл мамандықтың бакалавриатын бітіре сала магистратураға тапсырды. Көлік құрылысы мамандығы бойынша екі жыл тағы оқып, магистр дипломына ие болды.

«2015 жылдың желтоқсанында еңбек жолымды туған жерімнен бастадым. ПЧ-52, яғни Түлкібас жол дистанциясына техник болып жұмысқа кірдім. Екі айдан соң басшылық мені жетекші инженер етіп ауыстырды. Маған теміржолдағы әрбір мамандық қызық. Барлығын істегім келеді, барлығын көргім келеді. Жол монтеры болып та істедім біраз уақыт. 2016 жылдың қарашасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бас маман болдым», – деді Сержан Әбілханұлы.

«Жас келсе, іске» деген. Жалыны бар, жастық жігері бар жас маманның көп ізденетіні басшыларға да ұнайтын. Сол Түлкібас станциясында жұмыс істеп жүргенде бір оқиға болған. Көктем кезі. Дистанция басшысы ол кезде Уәлихан Сергенов болатын, қазір марқұм болып кетті. Сержанды ОП-115 перегонына тексеру жұмыстарына жібереді.

«Тақ жолмен қарама-қарсы бағытқа кетіп бара жатқанмын. Бағытым – Тараз жақ. Жол бойы қой бағып жүрген кісіні байқадым. Бір уақытта ол маған айғайлап, артымнан жүк пойызы келе жатқанын ескертті. Бірден қауіпсіздік аймағына өтіп, ол вагондарды күтіп алып, шығарып салдым. Әрі қарай жұмысымды жалғастыра бердім. 500-600 метр шамасында ұзап, артыма қарап едім, әлгі кісі жол бойында, рельстің үстінде отыр екен. Үстіндегі киімі қоңырлау әлде сұрлау ма, әйтеуір бір қарағанда машинистке жолда жатқан шебіннен, тастан байқала бермейді. Мен оған «Абайлаңыз, аға, байқамай қаласыз, пойыз кеп қалуы мүмкін, жолға отырмаңыз» деп ескерттім. Естігендей болып тұрған сияқты еді, сөйтсем қайтадан отырып алыпты. Бір кезде пойыздың даусы естілді, Алматы-Сарыағаш жолаушылар пойызының келетін уақыты таяп қалғаны есіме түсіп, артыма қарасам, келе жатыр екен. Ал әлгі кісі әлі отыр. Айғайлап едім, ести қоймады. Дереу кепкамды бұлғап, жолдың жағасымен жүгіре бердім, жүгіре бердім. Әлгі кісі әлі отыр жайбарақат, ештеңені аңғаратын емес. Сол екі ортадағы посттан өткенде машинист мені байқап қалып, шұғыл тежегішін басқан екен. Ақыры, жиылып созылып, ысылдап-пысылдап әлгі адамға бес метр қалғанда тоқтап үлгерді», – деп еске алады Сержан сол оқиғаны.

Кейін белгілі болғандай, егер Сержан кепкасын бұлғап кері жүгірмегенде, машинист рельстің бойында адам отырғанын көрмейді де екен. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» дейтін әке тәмсілін өмірлік ұстанымына айналдырған жас жігіт 2018 жылы өзі білім алған Қазақ көлік және коммуникация академиясына келіп докторантураға емтихан тапсырады. Бұл жолы Автоматтандыру және басқару мамандығын игеріп шықты, Оқи жүріп, Алматы жол дистанциясында жол монтеры болып еңбек етті. Дипломын қолына алған соң, қайтадан елге оралды. Жақында ғана Жамбыл магистральдық желісінің жол бөліміне жетекші инженер лауазымына бекітілді. Сержан Мырзабаевтың болашаққа жоспары көп және мақсаты да айқын. Саланың өркендеуіне үлес қосып, барлық жиған-терген білімін жұмсасам дейді. «Отызда орда бұзбаса, қырықта қамал алып не керек» дейді тәуелсіздік құрдасы.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?