Әке жолын қуған атыраулық ақ жаулықты бүгінде логистикаға ден қойды

Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

  Темір жол саласының бір ерекшелігі – мұнда әулет кәсібін жалғастырушы династиялық дәстүр берік қалыптасқан. Біздің кейіпкеріміз Гүлнәр Нұрғалиева да аймаққа танымал жол шеберінің қызы.

  Жол жөндеу жұмысының ең қиын сала екенін теміржолшылар жақсы біледі. Таңның атысы, күннің батысы, жыл он екі ай қос ішектей боп ұзыннан ұзақ шұбатылған жол бойында жүретін әкесі Өтеміс қызы үшін ең ұлы ұстаз болды. 1989 жылы мектепті үздік бітірген Гүлнәр әке ақылымен Гурьев темір жол техникумына оқуға түсіп, «Тасымалды ұйымдастыру» бөлімінде таңдаған мамандығына сәйкес білім алады. 1993 жылы алғашқы еңбек жолын «Ақжайық» станциясында жүк қабылдап-тапсырушы болып бастайды.

– Жастық шақ адамның батыл да батыр кезі ғой. Ақжайық станциясының жүк тасымалдау ережесіне сай тәртібін, сонымен қатар барлық салаларындағы жүк тиелу, қабылдау бойынша толты- рылатын құжаттардың рәсімін лезде үйрендім. Қазақстандағы үлкен өндірістердің бірі Атырау мұнай өңдеу зауыты шегінде орналасқан станцияда жүктердің тиелу процесін, тасымалдауға қабылдауға дейінгі жүргізілетін сараптама жұмыстарын көрдім. Сол кездері жас демей осы жұмыстарды үйретіп, мені баулыған теміржолшы аға-апаларыма алғысым шексіз. 2001 жылы Атырау темір жол бөлімшесінің актілі іздестіру және шағымды карау жүк бөлімінің инженері болып ауыстым. Алматыдағы көлік және коммуникация академиясының тасымалды ұйымдастыру бөлімінде сырттай оқып, өндірістен қол үзбей жоғары білім алдым, логистиканың қыр-сырына терең бойлап, өздігімнен білім көтеруге ұмтылдым. Өйткені болашақта теміржол үшін логистика саласы үлкен маңызға ие болатынын біз жақсы түсіндік, – дейді Гүлнәр.

2015 жылы Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде жүк бөлімінің басшысы болып тағайындалған Гүлнар күні бүгінге дейін осы қызметті абыроймен атқарып келеді. Жүк тасымалын қазіргі талаптарға сай ұйымдастырып, олардың логистикалық дамуын және автоматтандырылу жүйесін енгізу шараларын әріптестерімен бірге атқарып келеді. Гүлнәр – түзде де, үйде де таразы басын тең ұстайтын, отбасының шырайын келтіріп отырған аяулы ана. Жолдасы Асылбек екеуі 2 бала тәрбиелеп өсіріп, бүгінде олардан немере сүйіп отыр.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті