Теміржолшы әулеттерімен кездесу өтті (Фото)

ҚТЖ келбеті
02.09.2024, 10:44
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ бас ғимаратындағы музейде компанияның Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы теміржолдағы династиялар өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай өткен жиын «Теміржол ардагерлері – ҚТЖ ұлттық компаниясының алтын қоры» деп аталып, белгілі теміржолшы әулеттер өкілдері арнайы шақырылды.  

Алғашқы сөз кезегі берілген Құрметті теміржолшы, ҚТЖ  Консультативтік кеңес хатшысы Қуаныш Котырев өзінің еңбек жолынан  қызықты естеліктерімен бөлісті.  

– Теміржол бойында өстік, бала кезімде теміржолшыларға, олардың жарқыраған формасына қызыға қарап, мен де теміржолшы боламын деп армандадым. Өзімнен біраз үлкен ағам Мансұр Котырев 14 жасынан теміржолда жұмыс істеді. Біздің әулеттің теміржолдағы еңбек жолы осылай басталды. Мен 62 жыл ғұмырымды осы саланы дамытуға арнадым. Мен ағама қарап бой түзесем, ұлым Батыр маған қарап осы жолды таңдады. Әулетімізде 41 адам теміржолда жұмыс  істеп, кейінгі буын әлі де жалғастырып келеді. Солардың бәрінің еңбек өтілін қосқанда 978 жылды құрайды, 4 адам «Құрметті теміржолшы» атағына ие болды, – деді Қ.Қуанышев.

Келесі кезекте сөз алған белгілі династия өкілі, Ардагерлер Кеңесі Орталық аппаратының төрағасы Берік Айтбеков те естеліктерімен бөлісіп, өзінің теміржолшылар әулетінің үшінші буыны екенін жеткізді. Бүгінде 20 шақты өкілі теміржолда еңбек ететін әулеттен үш «Құрметті теміржолшы» шыққан.    

ҚТЖ Омбудсмені Батыр Котырев та өзінің теміржол саласының бір бөлшегі болғанын мақтан ететінін айтты. Компанияның Орталық Аппарат басшысы Серік Кеулімжаев атақты теміржолшылар әулеттері өкілдерінің көбі жан-жақты екенін, түрлі өнерімен танылып, спортта да алда болып, көпке үлгі болып жүргенін айтып өтті. Сонымен қатар мұндай іс-шаралар мемлекеттік тіл аясын кеңейту мақсатында жиі өткізіліп жүргеніне тоқталды.

 – Н.Есенғариннің кітаптарындағы деректерге сүйенсек, ҚТЖ-да 200 жылдық еңбек өтілі бар 350-ден астам әулет бар. Бұл ең төменгі көрсеткіші, жалпы еңбек өтілі 900 жылды құрайтын әулеттер де бар. Сондықтан Еңбек күні аталып өткенде «Үздік отбасылар» сынды байқауларда теміржолшылар үнемі жүлделі орындарды иеленеді. 2022 жылы «Гиннестер рекордтар кітабына» қызылордалық теміржолшылар әулеті кірді, – деді музей менеджері Ақмарал Молдашева.  

Жиын барысында ұйымдастырушылар танымдық сұрақтар қойып, викториналық ойын өткізді. Дұрыс жауап бергендерге «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев кәсіподақ атынан сыйлық ұсынды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы филиалы директорының орынбасары Әсет Нұрболұлы іс-шараны мазмұнды, мағыналы өтуіне атсалысқан қонақтарға алғыс айтты.      

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті