Теміржолшының сергектігі – жүздеген жолаушының амандығы

ҚТЖ келбеті
01.08.2025, 10:10
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Адам бойындағы қырағылық қасиеті оның еңбек тәжірибесіне байланысты болмаса керек. Бұл ой теміржолдағы жұмысын екінші жыл жалғастырып жатқан Дәурен Өтемісовтің іс-әрекетінен кейін туындады.

Ол 2024 жылдың 21 желтоқсанында кешкілік вагон арбашығының бүйір рамасынан көзге көрінер-көрінбес қылдай жарықшақты көріп қалып, болуы ықтимал апаттың алдын алды. Ал Дәурен темір жолдағы еңбек жолын сол жылдың басында ғана бастаған. 35 жастағы жігіттің кейбір замандастары бұл кезде тәжірибелі теміржолшы атанып, қанжығаларын түрлі марапаттармен майлап та үлгерді деуге болады. Бірақ Дәурен қазіргі беталысының дұрыс екенін пойыздарға техникалық қызмет көрсету барысында арбашық бүйір рамасындағы жарықшақты анықтау арқылы дәлелдеп берді.  

«Темір жолға келмес бұрын түрлі жұмыстар атқардым. Үйлі-баранды болдым. Балаларым дүниеге келді. Осы кезде тұрақты бір жерге жұмысқа тұруым керек деген ой келіп, теміржол саласын таңдадым. Колледжді бітіріп, Астана вагон пайдалану депосына орналастым. Қазір 5-ші разрядты вагон қараушымын. Жұмыс кестесі, атқаратын қызметім – бәрі көңілімнен шығады. Жұмыскер еңбегі ұжымдық шартпен қорғалған. Тіпті балаларымыз да ұмыт қалмай, мерекелерде сыйлықтарын алып тұрады. Театр, циркке барып, лагерьде демалу мүмкіндігі бар. Мен де еңбек демалысымда шипажайға барып, денсаулығымды нығайтып келе аламын», – дейді кейіпкеріміз.  

Оның айтуынша, темір жолдағы темірдей тәртіп – оның жанына жағатын дүние екен. Мәселен, техникалық сабақтарды жібермей, тұрақты қатысып тұруының арқасында бір жыл ішінде күрделі ақауды анықтай алатын дәрежеге жетіп отыр.  

«Әр ауысымда 10-нан 40-45 пойызға дейін техникалық қызмет көрсетеміз. Балғамен ұрып, шыққан дауысты тыңдаймыз. Ең бастысы, мұқият зейін қойып тыңдау, қарау, қырағылық таныту. Ал мұның бәрі түптеп келгенде өндірістік шебердің дәрісін зер қойып тыңдап, білмегеніңді сұрап, өз ісіңнің білгірі болуға ұмтылудың нәтижесі», – деп түйіндейді сөзін Дәурен Өтемісов.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты