Ата кәсіпке адалдық

ҚТЖ келбеті
25.09.2025, 19:14
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ізбасар Қожақовқа теміржолшы кәсібі әке қанымен берілді десе болады. Бала кезден пойыз үнін құлаққа сіңіріп, болат жол бойында өскен Ізекеңнің ержеткенде шойын жол саласын таңдауы заңдылық еді.

Теміржолға алғаш із салған әкесі Әбдухамит осы салада тапжылмай 35 жыл еңбек еткен. Ол кешегі қанқұйлы соғысқа қатысқан қан майданнан елге аман оралған жауынгерлердің бірінен еді. Бейбіт заманда саналы ғұмырын темір жолға арнап, соғыстан кейінгі жылдары замандастарымен бірге еңбектің тайқазанын қайнатты. 1949 жылдан бастап Қарағанды өңіріндегі Теректі станциясын басқарды.  

«Теміржолдың тыныс-тірлігі маған бала кезден таныс болды. Әкеме еріп теміржолға жиі барушы едім. Ол кездерде ауыр жұмыстың барлығы қолмен атқарылды. Жолшылардың шпал, рельс ауыстырып, вагоншылардың вагондарды тексеріп, пойыз құрастырушылардың қолдарына жалау алып, вагондарды алып, салып жатқанын, энергетиктердің баған басына шығып, ток желілерін жөндеп жатқанын көретінмін. Мұның бәрі нағыз еркектердің жұмысы болып көрінетін. Өскенде мен де әкем құсап, теміржолшы боламын деп шештім. Және сол сөзіме тұрдым. 42 жыл 3 ай осы таңдаған кәсібім бойынша еңбек етіп, міне зейнет жасына да жеттік», – дейді Ізбасар Әбдухамитұлы.

Кейіпкеріміз де әке ізімен жүріп, талай қызметтің тізгінін ұстады. 1984 жылы станция бастығы болды. Қарағанды жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Теректі станциясының жұмысын көтеріп, шағын болса да шаруасы шаш етектен бекетте пойыздардың қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өндіріс өрге бауына қызметін аямады.  

Биыл көп жылғы еңбегінің зейнетін көруге құрметті зейнет жасына шыққан Ізбасар Әбдухамитұлы жұбайы Шәмші Ертісбаевамен бірге төрт баласы тәрбиелеп өсіріп жеткізді, бүгінде немерелердің қызығын көруде. Ал Ізекеңнің жолын ұлы Алмат пен қызы Қарагөз жалғастырып отыр. Ұлы Қоскөл станциясында станция кезекшісі, ал қызы Жезқазған станциясында станция кезекшісі жанындағы оператор. Олар теміржолшы мамандығын ата кәсіпке айналдырған әулеттің үшінші буыны. Ізбасар Қожақов өсіп келе жатқан немерелерінің де ішінен ата кәсіпке таңдау жасайтыны табыларына сенімді.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты