Жолаушының алғысына бөленген кассир

ҚТЖ келбеті
24.10.2025, 09:26
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Нұржамал Райымханова – теміржол саласына 35 жылын арнаған кәсіби маман. Ол Ақтөбе теміржол вокзалында билет кассирі болып еңбек етеді. Өмірін жолаушы қызметіне арнаған ол – өз ісіне берілген, теміржолшылардың адал еңбегін айқындайтын кейіпкер.

Шалқар қаласында дүниеге келген Нұржамал Амангелдіқызының (ортада) темір жолға деген сүйіспеншілігі бала кезінен қалыптасыпты. «Пойыздың дауысына елеңдеп, форма кигендерге қызыға қарайтынмын. Сол кезде-ақ болашақта теміржолшы боламын деп өзіме уәде бердім» дейді ол.  

Мектепті бітірген соң, 1986-1990 жылдары Ақтөбе теміржол техникумында білім алады. Дипломдық практика кезінде-ақ өз қабілетін дәлелдеп, көзге түскен қызды Ақтөбе вокзалы бірден жұмысқа қабылдайды. Содан бері осы ұжымда 35 жылдан бері табан аудармай еңбек етіп келеді. Нұржамал Райымханова еңбек жолын бастаған жылдары билет қағаздарын қолмен есептеп, арнайы инемен тесу арқылы рәсімдейтін.  

«Ол кезде бәрін қолмен жасайтынбыз: тарифті есептеп, номерді жазып, компостермен билетке белгі соғамыз. Қазір бәрі электронды. Бір билетті рәсімдеуге бұрын бес минут кетсе, қазір санаулы секунд жеткілікті», – дейді тәжірибелі кассир.  

Заманауи технологиялардың енуіне қарамастан, ол жолаушылармен жүзбе-жүз кездесіп, қызмет көрсеткенді жақсы көреді. Бүгінде ағылшын тілін меңгеріп, шетелдік жолаушыларға да қызмет көрсете алады.  

Кейіпкерімізді ақтөбеліктер жақсы таниды. Көпшілігі жүзі жылы, сыпайы қызмет көрсететін кішіпейіл кассирден билет алуға тырысады. Әріптестері де Нұржамалдың адамгершілігі мен еңбексүйгіштігін ерекше атап өтеді.  

«Нұржамалмен 1991 жылдан бері бірге жұмыс істейміз. Әрдайым қамқор, ақжүрек, көмегін аямайтын жан. Жолаушылар алғыс айтып жүретін үлгілі қызметкер», – дейді әріптесі Меруерт Тілеулина.  

2024 жылы – «Адал еңбегі үшін» медалімен, 2023 жылы – «Жолаушылар тасымалы» АҚның 25 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталған кейіпкеріміз көп балалы отбасында тәрбиеленгендіктен, атаанасынан еңбекқорлық пен мейірімділікті бойына сіңіріп өскенін айтады.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды