Қырық екі жыл – темір жолда

ҚТЖ келбеті
08.01.2026, 17:56
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Вагон шаруашылығы департаментінің жеке жүк вагондарын тіркеу тобының бас менеджері Клара Жақыпова биылғы қаңтар айында алпыстың асуын бағындырды.

Оны департаменттегі әріптестерімен қатар «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-дегі филиал директоры – Бас директордың локомотив шаруашылығы жөніндегі орынбасары Қайраткен Нығметов құттықтап, жылы лебізін білдіріп, әріптестері атынан гүл шоғын тарту етті.  

Клара Тілеулесқызы – теміржолшы әулетінің өкілі. Әкесі станция кезекшісі, анасы билет кассирі болып қызмет етіпті. Бір әке, бір шешеден тараған бауырлары да темір жолда тер төгіп, нәпақаларын тауып жүр екен. Клара да әкенің қанымен, ананың сүтімен берілген кәсіпті өміріне арқау етіпті. Алматыдағы теміржол көлігі инженерлері институтын бітіріп келген ол 1983 жылы еңбек жолын Жосалы станциясында жүк пен багаж қабылдап-тапсырушы болып бастапты. Одан кейін тауар кассирі, аға тауар кассирі қызметтерін атқарған Клара еліміздің солтүстігіне қоныс аударып, Көкшетау бөлімшесінде жоспарлау бөлімінде жұмыс істейді. Ал уақыт өте келе Астанаға жұмысын ауыстырып, қазіргі қызметінің білікті маманы болады.  

– Темір жол – менің өмір жолым десе болады. Мен үлкен саланың тыныс-тірлігімен атаанам арқылы аз да болса таныс болдым. Кейін өзім де темір жолдың ажырамас бір бөлшегіне айналдым. Қарап отырсам, қырық екі жылдық ғұмырымды арнаппын. Теміржолшы болғанымды, өз ісін жетік меңгерген мықты мамандармен жұмыс істеп жатқанымды мақтан тұтамын, – дейді кейіпкеріміз.  

Әріптестері де Клара Тілеулесқызының майталман маман, жақсы дос, жастарға тәлімгер ұстаз екенін айтады. Кейіпкеріміз болса бос уақытында тоқыма тоқып, кітап оқығанды ұнатады екен.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты