Жолшының даңқты жолы

ҚТЖ келбеті
13.01.2026, 09:15
Суреттерді түсірген Марат ҚАБЫЛ
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Табаны күректей қырық жыл темір жолда еңбек етіп, оның ыстығы мен суығын бірдей көрген Құрметті теміржолшы, Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің директоры Алғазы Қойлыбаев зейнетке шықты. «ҚТЖ» ҰҚ » АҚ Инфрақұрылым жөніндегі басқарушы директоры – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры Сакен Рахметов бастаған сала басшылары Астанадан арнайы барып, тарлан теміржолшыны қошемет-құрметпен шығарып салды.

Алғазы Сақтағанұлы туралы айтқанда, темір жолдың ыстығы мен суығын бірдей көрді деген сөзді тура мағынасында қолданса болады. Расында, кейіпкеріміздің жүріп өткен еңбек жолын шола отырып, оның бүгінгі қызметтік мансабына жету жолында барлық қызмет сатысынан өткенін көреміз.  

Ол 1985 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын Жол шаруашылығы және темір жолдарды салу мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Тың темір жолында 7-ші жол дистанциясында жол шебері болып бастайды. Киелі Түркістан өңірінде туып-өскен жас жігіттің оңтүстіктен бірден табиғаты қатал солтүстікке қоныс аударып, жергілікті халыққа сіңісіп жұмыс істеп кетуі бастапқыда әрине оңай тимесе керек. Бірақ, батыл мінезді қайсар жігіт өзіне жүктелген міндеттің жауапкершілігі атан түйеге артылған жүктей ауыр екенін сезініп, мойнымен көтере білді. Арқаның аязды, ат құлағы көрінбейтін боранды күндері теміржолдың бойында пойыздар жүрісінің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолшылар жұмысын ұйымдастырып жүріп шыңдалды. Бір жарым жыл ішінде аға жол шебері, одан кейінгі тағы бір жарым жыл ішінде жол дистанциясының бас инженері болды. Ал 1987-1991 жылдар аралығында дистанция бастығының орынбасары қызметін атқарып, тәжірибесін толықтырды.  

1997 жылы «ҚТЖ» РМК құрылған соң тәжірибелі жолшы ретінде танылған А.Қойлыбаев Нұра жол дистанциясының бастығы болып тағайындалды. Алғазы Сақтағанұлы еліміздің бірнеше өңірінде жол дистанциясын басқарғанын мақтан тұтады. Қарағанды, Ақмола, Шымкент бөлімшелерінде жол дистанцияларының бастығы болды. 2004-2007 жылдар аралығында Астана жол дистанциясын басқарды. Одан кейін Орталық аппаратта Жол және құрылыс департаментінде әртүрлі қызметтердің тізгінін ұстап, Қырқыншы машиналандырылған жол дистациясын, сосын Ірілендірілген Екібастұз жол дистанциясын басқарды. Соңғы екі жыл өзі туыпөскен оңтүстік өңірге оралып, Шымкент магистральдық желі бөлімшесі директоры қызметін атқарды. Бұл қызметке тәжірибелі жолшыны ҚТЖ басшылығы құрылысы жүріп жатқан Дарбаза – Мақтаарал теміржол құрылысына бас-көз болып, бақылауда ұстауға арнайы жіберді десек, артық айтқандық емес.  

– Сіз теміржол саласындағы жұмысыңызды жол шеберінен бастап бөлімше басшысына дейінгі қызмет жолынан өтіп, әр кезеңде өзіңіздің кәсібилігіңіз бен еңбекте адалдығыңызды көрсеттіңіз. Басшы ретінде өндірістік үдерістерді тиімді ұйымдастырып, бөлімшенің үздіксіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ете білдіңіз. Кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі жоғары, күрделі міндеттерді жүйелі шешетін жетекші ретінде танымал Алғазы Сақтағанұлының мол тәжірибе мектебі – жас мамандар үшін нағыз үлгі, – деген Сакен Рахметов «су» жаңа зейнеткерді құрметті зейнет демалысына шығарып салу салтанатында қазақи дәстүрмен иығына шапан жапты.  

Жол шаруашылығы тарландарының қатарында есімі ойып жазылатын Алғазы Қойлыбаевтың еңбегі ҚТЖ мен мемлекет тарапынан елеусіз қалмай, лайықты марапатын алған. Олардың қатарында «Құрмет» ордені, «Құрметті теміржолшы», «Адал еңбегі үшін» және «Теміржол саласында 30 жыл мінсіз қызметі үшін» төсбелгілері бар.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты