Теміржолшы Тамара зейнетке шықты

ҚТЖ келбеті
19.01.2026, 11:29
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Тасымалды басқару дирекциясы» филиалының ұжымы қырық жылдан астам уақыт темір жолда үздіксіз еңбек еткен тасымалдауды үйлестіру тобының менеджері Тамара Волобуеваны зейнет демалысына шығарып салды.  

Тамара Леонидқызы – алғаш еңбек жолын Тың темір жолында станция операторы болып бастап, қозғалыс шаруашылығы саласының барлық сатысынан өткен маман. 20 жылдан астам уақыт диспетчерлік аппаратта пойыз диспетчері және желілік деңгейдегі диспетчер қызметін атқарды.

Жұмыс істеген жылдары ол өзін білікті маман, тәжірибелі де  талапшыл тәлімгер ретінде көрсетті. Ізін басқан жас әріптестеріне керек жерінде талапшыл, керек жерінде қолдаушы болды, еңбек қоржынындағы мол тәжірибесімен бөлісті. Қай  мәселеде де әділ болуға тырысты. Өз ісіне мығым, кәсібіне адал Тамара Леонидовна   ұжымы мен басшылықтың сенімі мен үлкен құрметіне ие болды.  

Оның алып салаға сіңірген адал еңбегі ескерусіз қалмай, әр жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы тарапынан алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

– Темір жол – көптеген адам несібесін тапқан, көптеген адамның мансаптық жолында бағын ашқан құтты сала. Менің де өмір жолым темір жолмен тығыз байланысты болды. Қырық жыл бұл бір адамның ғұмыры десе де болғандай. Теміржолшы болғаныма еш өкінген емеспін. Бүгін көп жылғы еңбегімнің зейнетін көретін жасқа келіп, демалысқа шығып отырмын. Мен үшін бұл – өмірдің жаңа кезеңінің басталуы. Менімен бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара еңбек еткен темір жолдағы барлық әріптестеріме, құрметтеп шығарып салып жатқан ұжымыма, басшылығыма үлкен алғысымды айтамын, – деді кейіпкеріміз.  

Әріптестері де Тамара Леонидқызына маман ретінде Компанияның дамуына қосқан өлшеусіз үлесі мен жоғары кәсібилігі, ал адам ретінде адалдығы бен адамгершілігі үшін шынайы алғыстарын білдіріп, жаңа өмір кезеңі жаңа мүмкіндіктерге толы болуына сәттілік тіледі.  

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты