Қырық жыл – қас-қағым сәт

ҚТЖ келбеті
07.04.2026, 08:34
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржолшы мамандығы – тәртіп пен нақтылықтың, өз ісіне адалдықтың айқын көрінісі. Осындай қасиеттерді зейнетке шығып жатқан Нәби Әбдиевтің бойынан да байқауға болады.

Ақтөбе өңірлік ақпараттың есептеу орталығының Қандыағаш станциясындағы ОПЛП бөлімі бастығы Нәби Тілепбайұлы жастық шағында көңіл қалауымен таңдаған мамандығына 40 жыл адал қызмет етті.  

Нәби Тілепбайұлы 1963 жылғы 27 ақпанда Ташкент қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Ташкент теміржол көлігі инженерлері институтын «Автоматика, телемеханика және байланыс» факультеті бойынша «инженер-электрик» мамандығымен тәмамдады. Сол жылы еңбек жолын Нүкіс станциясындағы ШЧ-17 мекемесінде бастады. 1985–1987 жылдары кеңес әскері қатарында болып, елге келген соң теміржолға қайта оралды. 1992 жылы аға механик болып бастап учаске бастығы қызметіне көтерілді.  

2002 жылы тарихи отаны Қазақстанға қоныс аударды. 2003 жылдан бастап оның еңбек жолы Ақтөбе өңірлік ақпараттық-есептеу орталығымен тығыз байланысты. Алдымен инженер-технолог, ал 2004 жылы Қандыағаш станциясындағы сұрыптау станциясын басқарудың автоматтандырылған жүйесі бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Осы қызметті бүгінгі күнге дейін табысты атқарып келді. Оның тікелей жетекшілігімен станцияда маңызды цифрлық жобалар, соның ішінде ауқымды «АСУ Узел» жүйесі енгізілді. Нәби Тілепбайұлының жоғары біліктілігі мен жауапкершілігі бірнеше мәрте жоғары бағаланып, Бас есептеу орталығы тарапынан алғыс хат пен түрлі марапаттарға ие болды. Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай мерейтойлық медальмен және атаулы сағатпен марапатталды.  

Нәби Тілепбайұлы үшін отбасының орны бөлек. Жұбайымен бірге үш ұл тәрбиелеп өсірді. Екі ұлы бүгінде әке ізімен теміржол саласында еңбек етіп жүр. Мұндай сабақтастық – мамандыққа деген адалдықтың жарқын көрінісі екені даусыз.  

Әріптестері Нәби Абдиевті зейнет жасымен құттықтап, кәсіподақ ұйымының қолдауымен тарту таралғылар табыстап үлкен құрметпен лайықты демалысқа шығарып салды. «Сіздің өмір жолыңыз – жас ұрпаққа ең басты құндылықты, яғни туған ел игілігі үшін адал еңбек етуді үйреткен тұлғаның бейнесі. Қырық жылғы бейнеттің зейнетін көріңіз» деген ізгі тілектерін білдірді. Ал кейіпкеріміз қырық жыл уақыттың қас-қағымдай уақытта өте шыққанын айтады...  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты