«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы

ҚТЖ келбеті
14.08.2026, 09:01
Оқуға 3 мин

«Адамның өмір жолын атқарған қызметімен ғана өлшеу жеткіліксіз. Оның кәсібіне сіңірген еңбегі, соңында қалдырған өнегесі және ел дамуына қосқан үлесі маңызды» деген тәмсіл бар.

Біздің кейіпкеріміз Сейтбек Ешмұратовтың өмір жолы осының жарқын үлгісі дер едік. 1961 жылы Семейдің Аягөз өңірінде туған Сейтбек Назарұлы он бір ағайынды, өсіп-өнген үлкен шаңырақтан шыққан. Жастайынан спортпен, оның ішінде грек-рим күресімен шұғылданып, облыстық, тіпті республикалық деңгейдегі жарыстардың неше дүркін чемпионы атанған, бозкілемде талай қарсыласын тізе бүктірген палуан болып өсті. Мектеп бітірген 1978 жылы Алматы темір жол техникумына оқуға түседі. Арнайы техникалық пәндерді үздік меңгеріп, техникумды өте жоғары нәтижемен бітірді. 1980-1982 жылдар аралығында Отан алдындағы борышын Мәскеу түбіндегі Казальск қаласында орналасқан арнайы теміржол ротасында өтеп, әскери тәртіп пен теміржол кәсібін қатар шыңдады.  

Кейіпкеріміздің теміржолшы ретіндегі еңбек жолы 1984 жылы Аягөз локомотив депосының Ақтоғай станциясындағы цехта шебер болып басталды. 1997 жылы аға шебер болып тағы бес жыл еңбек етті. Өндірістің ыстық-суығына шыңдалып, тәжірибе жинады. М.Тынышбаев атындағы ҚазАТК-ны сырттай оқып бітіріп, жоғары білім алды.  

Біліктілігі артқан сайын қызметі өсіп, 2002 жылы Ақтоғай локомотив пайдалану депосы директорының орынбасары, өндірістік пайдалану бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Сосын бес жылдай Ақтоғай айналым депосында директордың орынбасары болып, ал 2007-2016 жылдары «Локомотив сервис орталығы» АҚ директоры қызметін атқарды. 2016-2020 жылдар аралығында «Локомотив» АҚ Ақтоғай локомотив пайдалану депосының директоры болды.  

Сейтбек Назарұлы 1985-1990 жылдары Ақтоғай локомотив депосының ашылуына, Ақтоғай – Саяқ, Достық – Алашаңқай темір жолдарының салынуына бір кісідей еңбек сіңірді. Ақтоғай локомотив депосында ТО-2 цехы ашылуына байланысты 40-тан астам слесарь мен 4 ауысым шеберін дайындап шығарды. Көп жылғы еңбегі әділ бағаланып, «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Президентінің атаулы қолсағатын алды. «Адал еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан темір жолының мерейтойлық төсбелгісімен, толып жатқан Алғыс хат, Құрмет грамоталарымен марапатталды. Туған жері Аягөз ауданының «Құрметті азаматы» атанды.  

Қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көріп отырған кейіпкеріміз қайырымдылықпен айналысуда. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында өзінің кіндік қаны тамған Тарлаулы ауылының мешітіне қол ұшын созып, керек-жарағына қаржы бөліп отырады. Ауылдағы жетім-жесірлерге азық-түлікпен және етпен тұрақты көмек көрсетеді. Мектеп оқушыларының спортпен шұғылданып, жарыстарға баруына әркез демеушілік жасайды. Бастамашы болып Тарлаулы ауылының төріне «Қазақ елінің монументін» орнатты.  

Оның азаматтық болмысы сын сағаттарда анық байқалды. 2024 жылдың наурыз айындағы су тасқыны Тарлаулы ауылына үлкен қауіп төндіргенде Сейтбек Назарұлы жекеменшік погрузчигін жанар-жағармайымен қоса су тасқыны толық қайтқанша ауылға бөліп, техниканың жүйелі жұмысын ұйымдастырып отырды.  

Сейтбек Ешмұратовтың ел дамуы мен қоғамға сіңірген еңбегі лайықты бағасын алып, Абай облысы Аягөз ауданының ұсынысымен есімі «Қазақстанның Алтын кітабы» энциклопедиясына енді.  

Адамның бір қызығы бала десек, Секең аяулы жары Сәулия Қалиасқарқызымен төрт перзент тәрбиелеп өсірді. Ұлы Нұржан бүгінгі таңда Ақтоғай локомотив пайдалану депосында тепловоз машинисі болып еңбек етіп, әке салған соқпақпен жүріп келеді.  

Даниял ХАМИТОВ, Семей

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды