Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды

Трансформация
02.09.2026, 08:49
Суреттер: Akorda.kz
Қазақстан теміржолшысы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысып, Еуразия кеңістігіндегі көлік-логистикалық байланыстарды одан әрі дамыту қажеттігіне тоқталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, ШЫҰ елдерінің географиялық орналасуы ұйым үшін маңызды стратегиялық артықшылыққа ие. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану арқылы Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын қалыптастыруды жеделдетуге болады.

Президент Қазақстанның халықаралық көлік дәліздерін өзара байланыстыруға ерекше мән беретінін атап өтті. Атап айтқанда, «Бір белдеу, бір жол» мегажобасын Транскаспий халықаралық көлік бағдары және Солтүстік – Оңтүстік дәлізімен, сондай-ақ Орталық және Оңтүстік Азиядағы перспективті сауда бағыттарымен ұштастыру маңызды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ШЫҰ кеңістігінде көлік саласындағы бастамаларды ілгерілетуге дайын екенін жеткізді. Ол үшін ең алдымен кеден рәсімдерін цифрландыру, электрондық құжаттарды өзара тану және «жасыл дәліз» қағидатын кеңінен енгізу қажет.

Президент осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі ретінде ШЫҰ Бірыңғай транзит цифрлық платформасын құруды ұсынды. Мұндай жүйе жүктің жөнелту пунктінен соңғы алушыға дейінгі қозғалысын жеңілдетіп, транзиттік операцияларды үйлестіруге мүмкіндік береді.

«Бұл үйлесімді цифрлық шешімдер негізінде жүктің жөнелту пунктінен соңғы нүктедегі алушыға дейін кедергісіз өтуіне мүмкіндік береді», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент ұйымның көлік байланыстары бойынша ұзақ мерзімді саясатын айқындайтын құжат қабылдау қажеттігін айтты. Осыған байланысты Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2035 жылға дейінгі Көлік байланысы стратегиясын әзірлеп, қабылдауды ұсынды.

Бұл бастамалар Еуразиядағы транзиттік бағыттарды тиімді байланыстырып, Қазақстанның халықаралық көлік-логистикалық хаб ретіндегі рөлін одан әрі күшейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жиында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.

Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды
Аймақтар
01.09.2026
Жетісу облысында Достық вокзалы жаңарту жұмыстарынан кейін қайта ашылды
Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді