Цифрландыру – басым бағыт

Цифрландыру
01.09.2026, 11:40
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Елжас Отыншиев Huawei компаниясының Корпоративтік сату жөніндегі аға вице-президенті Лео Ченмен кездесу өткізді. Тараптар ағымдағы өзара іс-қимылды қорытындылады және Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын одан әрі технологиялық жаңғырту жөніндегі стратегиялық жоспарларды белгіледі.

Келіссөздер барысында ҚТЖ логистикалық процестерінің қауіпсіздігін, сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған озық цифрлық шешімдерді енгізуге басты назар аударылды. Атап айтқанда, кездесуге қатысушылар бірнеше жобаны егжей-тегжейлі талқылады. Соның ішінде LTE-R байланыс желісін өрістету: теміржол көлігі үшін деректерді үздіксіз беруді және пойыздар қозғалысын сапалы үйлестіруді қамтамасыз ететін сымсыз технологиялық байланыстың мамандандырылған стандартын енгізу.  

Сондай-ақ Деректерді өндеу орталығын (ДӨО) құру: аналитикалық жүйелер мен жасанды интеллектің жұмысын қамтамасыз ету үшін Huawei жетілдірілген есептеу карталарын біріктіруді қоса алғанда, деректерді сақтау мен өңдеудің жоғары технологиялық инфрақұрылымын салу талқыланды. Сонымен қатар Интеллектуалды басқару орталығын (ИБО): нақты уақыт режимінде кешенді мониторинг, технологиялық процестерді визуализациялау және теміржол желісін жедел басқару үшін ахуалдық орталықты орналастыруды іске қосу туралы да сөз болды. Тараптар киберқауіпсіздікті күшейтуді, соның ішінде ҚТЖ-ның маңызды цифрлық инфрақұрылымын заманауи ақпараттық қатерлерден қорғау үшін арнайы киберқауіпсіздік орталығын құруды да талқылады.  

Кездесу барысында Huawei-мен стратегиялық әріптестік ҚТЖ-ға компанияның өңірдің жетекші цифрлық логистикалық операторына айналуын жеделдете отырып, үздік әлемдік тәжірибелер мен инновацияларды енгізуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

 

Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет