Заман көшінен қалмаған теміржолшы

ҚТЖ келбеті
04.09.2026, 09:05
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Вагон шаруашылығының жетекші инженері Бимұқанбет Қайырбекұлы – бұл саланың қыр-сырын жылдар бойы меңгерген маман. Теміржолшының айтуынша, бұрын өндірісте маманның жылдар бойы жинаған тәжірибесі шешуші роль атқарса, бүгінде заманауи технологияның ықпалы мол.

Жаңа жүйелердің міндеті адам еңбегін алмастыру емес, теміржолшының жұмысын дәл әрі қауіпсіз ету деп санайды. Дегенмен, технологияның дамуы теміржолшы еңбегін жеңілдеткенімен, жауапкершілікті азайтқан жоқ, керісінше, қауіпсіздікке қойылатын талап күшейе түсті деген пікірде.  

Оның еңбек жолы 1998 жылы басталған, отыз жылға жуық тәжірибесі бар. Вагон қараушыдан бастап вагон депосында нұсқаушы, кейін оқыту шебері болды. Өзі үйренгенді кейінгі буынға үйретті. 2010-2015 жылдары Ақтөбе станциясында басқарушы қызмет атқарып, теміржол жұмысын ұйымдастырушылықта мол тәжірибе жинады. Кейін Ақтөбе бөлімшесінде қауіпсіздік бойынша инспектор болып еңбек етті.  

Бүгінде Бимұқанбет Қайырбекұлы – Батыс өңірлік пойыздар қозғалысын басқару орталығының вагон шаруашылығы мекемесінде жетекші инженер. Оның қазіргі жұмысы Батыс өңіріндегі вагон шаруашылығының тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын ұйымдастырумен байланысты. Жетекші инженер қызмет атқаратын бөлімде тағы үш инженер және КТСМ жұмысын бақылап отыратын бес диспетчер бар. Олар пойыздардың қозғалысы кезінде вагондардың техникалық жағдайын бақылауда ұстайды.  

– Батыс өңірі бойынша жұмыс істейміз. Орал, Қандыағаш, Қазалы, Маңғыстау және Атыраудағы бес вагон пайдалану депосының жұмысын ұйымдастырамыз. Құжаттардың реттелуі мен уақытында жеткізілуін қамтамасыз етеміз. Вагон шаруашылығына да заманауи технологиялар келді. КТСМ арқылы көптеген жұмыс автоматтандырылды. Енді станцияға кірмей-ақ вагонның ақауын анықтауға мүмкіндік бар. Теміржол саласына енгізіліп жатқан жаңа технологиямен жұмыс істеуге, өндіріске енгізілген әрбір жаңа құрылғыны зерттеп үйренуге асықпыз. Өйткені бүгінде тек тәжірибемен алысқа бармайсың, заман көшіне ілесе білу қажет. Яғни заманауи құрылғылар мен цифрлы технологиясыз бір қадам да алға жылжу бүгінгі заманда мүмкін емес, – дейді тәжірибелі маман.  

Батыс өңірлік пойыздар қозғалысын басқару орталығының басшысы Дархан Құланбаев биыл кейіпкерімізді теміржол саласына қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапаттады.

 

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті