Машинист - мәртебелі мамандық

ҚТЖ келбеті
31.07.2020, 19:57
Асхат Райқұл

Тұп-тура Малдыбай станциясының түбінде еді үйі. Жолаушылар, жүк пойыздары күн-түн демей әрлі-берлі сабылып өтіп жататын. Түтіні будақтап кетіп бара жатқан тепловоздардың тарс-гүрс, дік-дік, тарс-гүрс, дік-дік еткен дауысын күн сайын естиді. Үнін жаттап алған, кейде бала болып ойнап жүріп, сол дауыстарды айнытпай салатынын қайтерсіз.

«Атам Сүйіндік паровоз жүргізген екен. Ал әке-шешем мұғалім болды. Жол бойында өскесін атам секілді мен де теміржолшы болуды бала кезімнен армандадым. Мектеп бітіре сала Тараздағы теміржол колледжіне курсқа жазылдым. Ол кезде бұл білім ошағы учлище еді ғой. Сегіз ай білім алып, дипломымды қолыма ұстаған күні Жамбыл локомотив депосына тартып отырдым», – деп еске алады кейіп керіміз Әбдісапар Сүйіндіков.

Мұрты енді тебіндеген жас жігіт алғашында тепловоз жөндейтін цехта тәжірибеден өтіп, деподағы мамандардың көңілінен шығады. Әбдісапардың ынтасы мен жігерін басшылық та байқаса керек, бірден машинистің көмекшісі етіп жұмысқа қабылдайды.

Көп ұзамай әскер қатарына шақырту келіпті. Мұның еңбек жолымен танысқан әскери бөлімнің командованиесі Әбдісапар Сүйіндіковтің бір өзін Мәскеуге жібереді. Алып шаһардың іргесіндегі Құрлық әскерлерінің бір бөліміне түскен жауынгерді ондағылар бірден әскери тепловозға жөнелтіп, машинистің көмекшісі болуды бұйырады.

«Мен ес білгеннен осы теміржолдың бойынан ұзамаппын. Әскерде де теміржолшы болдым. Қос рельстің арқасында жарты Қазақстанды шарладым. Бұл менің арманым еді. Құдай тілеуімді берген бақытты жанмын деп толық сеніммен айта аламын. 1985 жылы әскерден оралғаннан соң да, өзім еңбек жолымды бастаған депоға келіп, қызметімді жалғастырдым. Басшылық мені Алматы қаласына жіберіп, теміржол училищесінен машинист мамандығының курсын тәмамдадым», – дейді Әбдісапар аға.

Деподағы кейіпкеріміз жұмыс істейтін колоннаның инспекторы Лесбек Рысталов:

«Әбдісапар Ілиясұлы 1992 жылға дейін тепловоз жүргізді. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында Қазақстан теміржолы Одақтан өз еншісін бөліп алған соң, депоға электровоздар келе бастады. 1994 жылы электровоздың қыр-сырын меңгергендердің алғы легінде Әбдісапар жолаушылар тасымалына арналған пойыздың электровозына отырды. Содан бері ұятқа қалдырған жері жоқ, тек сенімнен шығып келеді», – деп пікір білдірді.

Жалпы, шойын жолдың бойындағы еңбек өтілі қырық жылға таяған кейіпкеріміз үшін машинистен мәртебелі мамандық жоқ. Сондықтан үлкен ұлының өз жолын жалғастырғысы келетін ниетін қуана құптады, Қазір ұлы локомотив депосында тепловоз жөндейді, болашақ машинист. «Әке көрген оқ жонар» деген осы да.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты