Тағдырым теміржолдан ұзай қоймады

ҚТЖ келбеті
15.07.2021, 10:16
Асхат Райқұл

Назымгүл теміржолдың бойында туған. Әкесі Тәжіғұл ерте өмірден озыпты. Көзін ашқаннан көргені – Сарышағанның сахарасын тіліп жатқан қос рельс. Тәулік бойы ағылып жатқан түрлі пойыздар. Дүк-дүк, тарс-тарс, шық-шық! Түтіні будақтап, арлы-бері зулап жататын пойыздардың үніне де құлағы үйренген. Назымгүлге адамның бәрі теміржолға қызмет ететін сияқты көрінетін. Өйткені, өзінің анасы вагон депосында тексеруші болған. Екі ағасы бірдей теміржолшы. Сарышағандағы орта мектепте білім алды. Білім ошағын өте жақсы бағамен тәмамдаған. Арманы көп еді. Сол кездегі ару шаһар Алматыға асыққан. Амал нешік, әкенің қазасы, отбасының ахуалы оған мүмкіндік бермеді.

«Тағдырым теміржолдан ұзай қоймады. Мектепті бітіре сала, аттестатымды құшақтап Сарышаған станциясының табалдырығын аттадым. Содан бері осы жердемін ғой», – дейді Назымгүл Елеусінова.

Он сегіз жастағы бойжеткен осылайша техникалық кеңсенің операторы болып еңбек жолын бастап кетті. Белсенділігімен, жау- аптылығымен басшылықтың көзіне түскен Назымгүл көп ұзамай станция операторы қызметіне ауыстырылды. Жұмыс ауқымы бұрынғыдан да кеңи түсті. Теориялық тұрғыдан білім алмаған кейіпкеріміз нағыз тәжірибемен білімін шыңдады. «Мен жұмыс барысында аға буынның шапағатын көп көрдім. Сол себептен оларға деген алғысым шексіз. Мәселен, 1987 жылдардың тұсында мені Марат Алдабергенов деген ағайым, әріптесім қазіргі Тараз қаласындағы Жамбыл техникалық мектебінен курстан өтуіме ықпал етті. Мұнда бар-жоғы алты ай ғана болсам да, көп нәрсені үйрендім. Сондықтан да болар, сол жылы парк кезекшісі болып ауыстым», – деді теміржолшы. Сол жылы Назымгүл өмірлік жарымен танысады. Табиғаты керемет Меркі өңірінің азаматы Ержанның түр-келбеті де келісті еді. Бішкектегі теміржол училищесінде білім алып жүрген ол Сарышаған станциясына іс-тәжірибеден өтуге келген екен. Анасының қасынан отбасылық жағдайларға байланысты ұзап шыға алмаған Назымгүлді ұнатқан Ержан да Сарышағаннан жыраққа кете алмады. Жас жұбайлардың мамандығы да бір болған соң, жарасымды тіл табысып, отау тікті, шаңырақ көтерді. «Ол заманда, қазіргідей емес, барлығы қолмен жасалатын еді ғой. Мәселен, мен жұмыс барысында вокзалға келіп тоқтаған құрамның тежегіштерін кигізетінмін, вагондарды ағыту, тіркеу, жүктің салмағын өлшеу, ұзындығын нақтылау, келесі станцияға қауіпсіз жетуіне жауап беру, машинистерге ескерту қағаз- дарын ұсыну сынды толып жатқан шаруаларды атқаратынмын. Ал қазір бұлардың көбісі автоматтандырылды. Жарым да машинистің көмекшісі. Оның мамандығының өзіне тән қиындықтары, машақаттары бар. Бірақ біз өз кәсібімізді сүйетіндіктен, мұны тастап кете алмаймыз. Несібемізді болат жолдың бойынан теріп жүрген жайымыз бар», – деген кейіпкеріміздің бүгінде бір ұлы, бір қызы бар. Қызығы да сол, ұлдары Ернат та әкесі секілді машинист көмекшісі болса, қыздары Фарида – станция кассирі. Демек, отбасымен теміржолшы. Назымгүл теміржолшы кәсібін таңдағанына еш өкінбейді. Сол себептен де өзінің ұл-қызына осы кәсіпке бет бұруына ықпал еткен. Сарышаған станциясының директоры Руслан Таңатаров Назымгүлдің өз жұмысына өте жауапты екенін айтады. Тіпті, облыстан, республикадан қандай тексеру комиссиялары келсе де, әріптесінің шаруасынан бір мін таппайды екен.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты