Әкенің аты балаға мың жылдық азық

ҚТЖ келбеті
23.09.2021, 09:21
Асхат Райқұл

Алманхан теміржолдың торабы саналатын Шу қаласында туған. Әкесі Ақыл вагон депосында еңбек еткен екен. Туған ағасы Балтабек те осы вагон депосында еңбек жолын бастапты. Сондықтан әкесі мен ағасына ілесіп депоға жиі баратын бала Алманханды теміржолшылар түгел танитын. Мектеп бітіре сала локомотив депосына слесарь болып жұмысқа кіргенде «Сен Ақылдың ұлысың ба?» дейтін үлкен-кіші.

«1978 жылы аттестатымды қолыма ала сала, локомотив депосына құжаттарымды өткіздім, слесарь іздеп жатыр екен. Барлығы таныс, адамдар да, жұмыс та, қаланың адамдары, әкем мен ағамның таныстары. Олар маған қолдау көрсетіп, білмегенімді үйретті, қамқор болды. Шаруаға тез бейімделіп кеттім. Бертінге дейін мені баласынатын үлкендердің көзі кеткенше «Ақылдың ұлы» деген жанама аттан құтылған жоқпын», – деп күліп еске алады Алманхан Жылқыбаев өткен күндерін.

Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп келген жас жігіт туған жерге оралған соң да мамандығын өзгертуді ойлаған жоқ. Бірақ уақыт өте келе білім алу қажет деп түсініп, Алматы теміржол техникумына барып, құжат тапсырады. «Емтихан түк те қиынға соққан жоқ. Аз уақыт болса да тәжірибемен шыңдалғанмын ғой. Түстім де кеттім білім ордасына. Теміржол саласының теориясын үш жыл оқыдым. Ұстаздарым маған ештеңе үйрете алған жоқ деуден аулақпын. Әр мамандықтың ұқыр-шұқыры, күрделі жақтары болады. Соларды біршама меңгере түскенмін. 1985 жылы дипломымды алған соң, Шу локоматив депосына тағы келдім. Басшылар мені құшақ жая қарсы алды. Міне, содан бері қырық жылға таяды, осы жерде тапжылмай еңбек етіп келемін», – дейді теміржолшы ағамыз. Бүгінде Алманхан Жылқыбаев – депоның шаруашылық жөніндегі шебері. Әр ісіне жауапты, тиянақты, мұқият зерделеп барып шешім қабылдайды. Көп жылғы тәжірибесі бола тұра, асығыстыққа жол бермейді. Теміржолшы әкесі Ақыл ілгеріде қайтыс болған, ағасы Балтабек вагон депосынан зейнетке шығыпты. Ал өзінің локоматив депосында еңбек етіп жүргеніне 43 жыл болыпты. Енді үш жылдан соң ол да құрметті еңбек демалысына шығады. Жары Қалия да теміржолдан алыс емес. Осы локомотив депосының жоспарлау бөлімінде жұмыс істеді. Екі қызы бар. Біреуі әке-шеше кәсібінен алыс кетпей, Алматыдағы теміржол академиясын бітіріп, қазір осы салада қызмет етіп жүр.

«Қайтсін енді, мен секілді, көзін ашқаннан көргені теміржол. «Алма сабағынан алыс түсе ме?!» дейді Ақылдың ұлы Алманхан.
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты