Тассайда мұнай тиеу жұмысы жанданды

Фоторепортаждар
04.09.2020, 11:14
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Осыдан алты жыл бұрын ашылған, Бейнеу – Жезқазған теміржолының бойындағы Тассай станциясының келешегі кемел. Ақтөбе бөлімшесінің Маңғыстау бағытындағы қақпасы саналатын құм үстіндегі станцияның бүгінгі тірлігімен танысып, жетістік аз емес екеніне көз жеткіздік.

Ертеде жайлаудан көшкен елге тұрақ болған Тассай қыстауы ғасырдан аса уақыт бос қалып, елсіз далаға айналды. Қойнауы қара алтын мен металл кендеріне бай қазақ даласының бұл тұсына ұзақ жылдардан кейін теміржол тартылып, елдің батысы мен орталығын теміржол арқылы қосуды көздейтін алып жоба іске қосылды.

Тарихқа стратегиялық жоспарлардың бірі ретінде енген алып жоба бүгінде үмітті ақтап отыр. Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, әлеуметтік жағдайды жақсартумен қатар, экономикалық дамуда үлесі зор. Станцияда жүк тасымалы артып келеді. Биыл бір айдың ішінде станцияда 100 вагон мұнай тиелгені – осының айқын дәлелі.

Станция бастығы Жігер Шыңғысовтың айтуынша, биыл Тассай аумағында 170 вагон құрылыс материалдары түсірілген. Тек жергілікті мекемелер ғана емес, тұрғындар да теміржол қызметінің мүмкіндіктерін пайдаланып отыр. Әсіресе, қиыршық тас секілді құрылыс материалдарын вагондап алдыртатындар көп.

Сонымен қатар, қазір станцияда мұнай тиеу жұмыстары да қарқын алған. Осыған дейін шикі мұнай өнімін тасымалдауға тапсырыс тоқтап қалған болатын. Теміржолшылар тамыз айынан бастап жұмыстың қайта жанданғанына қуанышты. Тек тамыз айының өзінде 100 вагон мұнай тиелген. Тассайға мұнай өнімдері Бозой кен орнынан жүк көліктерімен жеткізіледі екен. Күніге 5-10 вагонға дейін мұнай тиеледі.

«Станция жұмысын бастаған кезде бұл жерден пойыз аз жүретін. Қазір көбейді. Тассайдың басына кірме жол салынды. Жол ашылғалы жұмысшыларға да жақсы болды. Ауыл тұрғындарының көбі жұмыс тапты. Мұнда күнделікті жүк тиеу, түсіру жұмыстары жасалады. Негізінен мұнай өнімдері көп тиеледі. Алдағы уақытта жұмыс көлемі бүгінгіден де артады деген жоспар бар», – дейді болашаққа көз жіберген Тассай станциясының басшысы Жігер Шыңғысов.

Станция толықтай жаңадан салынғаннан кейін жол сапасы да жоғары деңгейде. Қазір тек күтіп ұстап, қарау жұмыстары ғана жүргізіледі. Кезекшілер пойыз қозғалыстарын сауатты ұйымдастырып, келген-кеткен пойыздарды қабылдап, жөнелтіп отыр. Меневр жұмыстары да жүргізіледі. Станцияда 16 теміржолшы еңбек етеді, ұжым негізінен жастардан құралған. Станция басшысы 36 жастағы Жігер Шыңғысов 15 жылдан бері шойын жолдың бойында қызмет етіп жүр. Еңбек жолын Никельтау станциясында пойыз құраушы, одан станция кезекшісі болып, 2014 жылдан осы Тассай станциясын басқарып келеді.

Учаскелік станцияда әзірге тек теміржолшылар ғана тұрып жатыр. Станция басында барлық жағдайы жасалған 8 үй бар. Онда станция басшысынан бастап, жол дистанциясы, вагон пайдалану депосы, электрмен жабдықтау дистанциясының теміржолшылары тұрады. Инженерлік желілер тартылған. Барлық баспана қажетті жабдықтармен жабдықталған. Тамақтану бөлмесі мен жылу беру қондырғысы электр желісімен жұмыс істейді. Жұмысшылар үшін арнайы пойыз қатынап тұр.

Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Жаңалықтар
28.08.2026
Илецк-1 өткізу пунктінде жүк тасымалын арттыру мәселелері талқыланды