Қырағы жолшылар үлкен апаттың алдын алды

Қауіпсіздік
27.01.2023, 10:15
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Шоқпар жол дистанциясының екі жұмысшысы үлкен қауіптің алдын алды. Дистанция басшылығы болуы ықтимал апаттың алдын алған қырағы жігіттерді марапатқа ұсынды.

Оқиға осы жылдың 17 қаңтар күні орын алған. Шамамен сағат 10.24- те Шу – Отар телімінің Көктөбе – Еспе станцияларының аралығында жол шебері Табысбек Төсекбаев пен жол монтері Батыржан Аяпбергенов әдеттегіше жол бойының үстіңгі қабатын тексеріп жүрді. Күн суық, ызғарлы еді. Қаңтардың алғашқы жартысында оңтүстік өңірлерде де қалың қар түсіп, күн суытқаны белгілі.  

Жолшылар желі бойын мұқият сүзіп келе жатып 3788 шақырымда контакт желісінің сынып жатқанын байқаған. Қозғалыс қауіпсіздігі үшін бұл – үлкен қауіп. Дереу іске кіріскен олар жолдың жұп және тақ беттеріндегі қауіпті аймақты қоршап, «қызыл жалаумен» сигнал беру арқылы Көктөбе мен Еспе арасында келе жатқан №3004 жүк пойызын тоқтатты. Орын алған оқиға жайында тиісті орындарды құлағдар етіп, Еспе станциясының кезекшісіне хабар берді. Әрі қарай қозғалысшылар өз құзыреттеріне сай нұсқаулық бойынша әрекет етуге кірісті. Жол дистанциясының жұмысшылары күннің суығына қарамастан ақауды жедел қалпына келтіріп, пойыздар қозғалысын тоқтатқан жоқ.  

Қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтірген ақауды дер кезінде анықтап, нұсқаулыққа сай сауатты әрекет ете білген жолшыларға алғыс айтқан Шоқпар жол дистанциясының бастығы Дәулетбек Жолдасбеков «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы мен Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің басшылығына екі жолшыны «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісіне ұсыну жайлы хат жолдады.  

Батыржан Аяпбергенов – темір жол саласында 1996 жылдан бері еңбек етіп келеді. 6-шы санаттағы жол монтері. Ал болат жол бойында 1994 жылдан бері тер төгіп жүрген Табысбек Төсекбаев та жоғары санатты жол шебері. Екеуі де тәжірибелі кәсіби жол мамандары.  

– Біздің жігіттердің еңбектері еленсе дейміз. Жолшылардың қырағылығы мен жауапкершілігі, кәсібилігі арқасында үлкен апаттың, одан келетін шығынның да алды алынды деуге болады, – дейді дистанция бастығы Дәулетбек Жолдасбеков.  

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды