Қараусыз мал үшін қатаң жаза

Қауіпсіздік
22.09.2023, 10:16
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысында күн тақырыбынан түспей тұрған мәселелердің бірі – желі бойындағы қараусыз мал. Бұл жайт әсіресе Дегелең – Жаңа-Семей телімінде мейлінше өзекті болып тұр.

Оның себебі дәл осы телім бойында ауылдық елдімекендер мен ірі қара өсіретін шаруа қожалықтары өте көп. Олардың кейбірі тіпті желі бойынан небары 500 метр жерде ғана орын тепкен. Оның үстіне күзгі маусымда аталмыш теліммен көмір тиелген жылжымалы құрамдар жиі жүйткиді. Сағатына 120-140 шақырымдық жылдамдықпен қозғалатын Тальго пойыздары тағы бар. Яғни қозғалыс жиілігі аса жоғары «Батыс тармақта» ендігі аралықта қатаң шаралар қолдану керек.  

Осыған орай жақында Семей станциясындағы желілік полиция бөлімінің тәртіп сақшылары аталмыш телім бойындағы Ертіс және Прииртыш сынды бірқатар ауылдар тұрғындарымен, жеке шаруа қожалықтарымен арнайы кездесу өткізді.  

Жиын барысында Дегелең станциясындағы желілік полиция бөлімшесі басшысы, полиция майоры Р.Мақанов пен Семей станциясындағы бөлімнің ӘПБ бастығы, полиция капитаны Р.Әбеуов Ауыл шаруашылығы министрлігінің 145-бұйрығымен таныстырып, төрт түліктің есепке алынып, сырғаланып, таңбалануы керектігін түсіндірді.  

Сонымен қатар ендігі уақытта теміржол бойына мал жайған шаруалар ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы бойынша қатаң жазаланатынын ескертті. Сондай-ақ түсіндірме қағаздар таратылып, қатысушылардан ескертілгені жайлы қолхаттар алынды.

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты