Жол бойындағы төрт түлік жолаушылардың өміріне қауіп төндіріп тұр

Қауіпсіздік
12.04.2024, 11:30
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржол маңында жайылып жүрген төрт түлік қозғалыс қауіпсіздігі үшін проблемаға айналғалы қашан. Биылғы жылдың басынан бері жолаушылар және жүк пойыздарының машинистері тарапынан қауіп дабылының 575 фактісі тіркелген.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниясы темір жолға қараусыз малдың шығу фактілері көбеюіне алаңдаулы. Бұл жүк пойыздарының қауіпсіздігіне, жолаушылардың өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде вагондардың рельстен шығып кетіп, қоршаған ортаға зиян келтіруі ықтимал. Әрине, теміржолшылар тарапынан пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуының алдын алған жұмыстар белсенді жүргізілуде. Магистральдық желі дирекциясы алға тартқан дерекке сүйенсек, жыл басынан бері еліміз бойынша малдың жолға шығуының алдын алу мақсатында 6 мыңға жуық адам қамтылған 125 жиын өтіп, 11282 мал қожайыны малды бағу және темір жол арқылы өткізу ережелерімен танысқан.  

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінен 9835 үзінді көшірмесі таратылып, бұқаралық ақпарат құралдарында 30 шақты мақала ұйымдастырылған. Бұдан бөлек, әкімдіктер, ЛОП, РОВД, ИТК, Мемлекеттік кеден комитеті өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізілген. Бірақ қабылданған және жүргізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан, темір жол бойына қоршау орнатылған жерлерде де қараусыз малды басып кетіп жатқан жағдайлар орын алуда. Жылжымалы құрам шұғыл тежегіш қолданған және малды басып кеткен жағдайда Компания пойыздардың кідірісі, локомотивтердің малмен соқтығысуынан зақымдануы салдарынан миллиондаған теңге көлемінде шығын тартады. Сонымен қатар қожайындардың өздері шығынға батып отыр, бірақ соған қарамастан төрт түліктерін қараусыз жіберуден тыйылмай отыр.  

Кейбір өңірлерде төрт түлікті таңбалау жұмыстары жүргізілуде, бұл өте дұрыс, мал иелерін бірден анықтауға мүмкіндік береді, бірақ бұл жұмыс кеңінен таралмай отыр. ҚР ӘҚБК-нің 559-бабына сәйкес, мал жаю ережелерін бұзу – ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Теміржол көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзумен байланысты келген шығынды Компания мал иесінен сот тәртібімен өндіріп және жауапкершіліктен қашқан мал қожайындарын қылмыстық жауапкершілікке тарта алады. Сондықтан, малды таңбалауды жолға қойған жөн.

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады