Биыл Атырау жүк тасымалында жарақат алу тіркелмеді

Қауіпсіздік
28.05.2024, 11:07
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша көктемгі байқауды қорытындылау жиыны өтті. Инфрақұрылымның, жылжымалы құрамның, өндірістік-техникалық нысандардың ағымдағы жай-күйі, қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмысшылардың кәсіби дайындығы, мекемелердің жабдықтармен, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етілуі, қызметтік-техникалық ғимараттардың жағдайы сараланған жиынға барлық құрылымдық бөлімшелер, станция басшылары мен жауапты мамандар қатысты.

Тексеру комиссиясының төрағасы, Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Аслан Базарғалиев атап өткеніндей, өткен 4 айда Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша өндірістік жарақат алу жағдайы болмаған. Жалпы алғанда, қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, техникалық құралдардың жағдайы, ғимараттардың абаттандырылуы, жұмысшылардың тәртібі – қанағаттанарлық. Тексеріс кезінде Жүк тасымалы мен Магистральдық желі бөлімшелері бойынша барлығы 1 346 кемшілік анықталған.  

Бас инженер Бауыржан Картанның баяндамасынан тексеріс барысында станциялар, вагон, локомотив деполарының басшылары тарапынан қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бойынша лауазымдық міндеттері жеткілікті деңгейде атқарылмайтыны белгілі болды.  

«Қызметкерлердің білім деңгейі, стандартты емес жағдайлардағы іс-әрекетке дайындығы төмен, нормативті-техникалық құжаттамалар дұрыс жүргізілмейді. Еңбек қорғау бойынша 28, техникалық дайындық пен білім 15, техникалық құжаттаманы жүргізу бойынша 42 кемшілік анықталып, 17 адам кері аттестацияға жіберілген. Мұның бәрі техникалық сабақтардың сапасына мән беру қажеттігін білдіреді, өйткені учаскелік резизорлар мен станция басшылары техникалық сабақтарды жеткілікті деңгейде өткізбейді, соның салдарынан білім мен бліктілік саяздығы шығады», – дейді бас инженер.  

Құрылымдық мекемелер (ВЧД, ТЧЭ-3, ТЧЭ-4, ДС) бойынша да кемшіліктер аталып, қозғалыс және жүк шаруашылығына 24, вагон шаруашылығына 17, локомотив бойынша 6 тыйым салу шаралары қолданылып, оларды түзетуге нұсқау берілген. НЖС бойынша да жол шаруашылығында 69, байланыс бойынша 38, электрмен қамтуда 15 тыйым салу шаралары қолданылған.  

Жиын барысында станцияларға тән кемшіліктер – мамандардың білім төмендігі, кейбірінде штат жеткіліксіздігі, құжаттаманы дұрыс толтырмау, шпалдардың шашылып жататыны, сынған башмақты пайдалану, еңбек қорғау шараларының сақталмауы, өрт қауіпсіздігі, яғни ғимарат пен станция аумағында өрт гидранттарының жоқтығы, жұмысшыларға санитарлық-тұрмыстық жағдай жасалмауы, т.б. сөз болды. Вагон депосында қозғалыс қауіпсіздігін анықтауға бағытталған ұйымдастыру-техникалық шаралары тиімді пайдаланылмайтыны, жөндеу пункттері де қосалқы бөлшектермен толықтай қамтылмай отырғаны, ал ол вагондарға қызмет көрсету мен жөндеуде үлкен кемшілік туғызып, қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келетіні айтылды. Мәселен, тексеріс кезіндегі 10 пойыздың 56 вагонынан ақау табылып, 16 вагон ағымдағы жөндеуге ағытылған. Вагон қараушы-жөндеушілердің радиостанцияларының да жағдайы мәз емес, алыстаған сайын естуі нашарлай береді екен...  

Локомотив шаруашылығы бойынша Мақат және Атырау деполарында барлығы 58 кемшілік анықталған. Машинист-нұсқаушылар локомотив бригадалары құрамымен тәрбиелік-алдын алу жұмыстарын жеткілікті деңгейде жүргізбейді, машинист жұмысын бақылау төмен, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бойынша кешенді ұйымдастыру және техникалық шаралар жүзеге асырылмайды. Локомотив деполарының басшылары мен орта буындары, нұсқаушылар тарапынан өздеріне қарасты мәселелер бойынша қажетті шешім алынбайды. Атап айтқанда, жұмыс технологиясын, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатында ұйымдастырушылық және техникалық шаралар алу, цехтар мен учаскелерді тексеру, локомотивті жөндеу сапасын қадағалау, жылдамдықты реттеу лентасы мен кассетаның дұрыс көрсетуін тексеру, ТО-2, ТО-3 техникалық қызметінен кейін локомотивтердің жағдайын тексеру, т.б. мәселелер. Сервистік қызметтен кейін локомотивтер кепілді мерзімге жете алмай қалады.  

Жол шаруашылығы бойынша 69 тыйым салу шарасын қолданған, оның ішінде жолды жабу – 4, бағыттамалы бұрманы жабу – 3, жылдамдықты шектеу – 62. Ол кемшіліктер жол шеберлері мен бригадирлерінің өз міндеттеріне көзжұмбайлықпен салғырт қарап, дистанция басшыларының қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда жеке қатысу нормативтерін орындамаудан туындаған. Сигнализация және байланыс дистанцияларында да технологиялық процесс кестесі сақталмайды, құрылғыларды тексеру, жөндеу жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмейді. Электрмен қамту дистанциясы бойынша да жылдағы кемшіліктер қайталанған, оларды уақытында түзеп отыруға бақылау, құрылғыларды технологиялық процесс талаптарына сай тексеру өз деңгейінде емес.  

Атырау магистральдық желі бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы Амангелді Рахмеденовтің биыл 70 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізілетінін айтты. «Соның арқасында жолдың сапасы жақсарады. Алайда, дистанция басшылары қай жерде жолдың нашар, тіпті мүлде нашар екендігін білмейді. Былтыр 100 шақырым күрделі, 26 шақырым күшейтілген орташа жөндеу жүргізілді. Ал бірақ Құлсары станциясында пойыздың жолдан шығуы орын алды. Өйткені басшылар сол жолды өздері жүріп қарамайды. Сол себепті нағыз нашар деген жерлер жөндеусіз қалып жатады. Сондықтан күрделі жөндеуге сеніп отыра бермей, жолдың бойын түгел шарлап, қай жерді жөндеу қажеттігін қадағалап отыру шарт», – деді ол. Жаңадан ашылып жатқан «Ғимарат бөлімі» бойынша да атқарылар жұмыстар жеткілікті. Биыл НЖС бойынша 21 ғимарат жөндеуден өтуге тиіс, бірақ әлі күнге жұмыс басталмаған. НОД-13 ғимараты 20 жылдан бері жөндеу көрмеген.  

Бөлімшенің бас резизоры Жәнібек Көбеев пен салалық ревизорлардың мәліметіне сүйенсек, Мақат-Сағыз учаскесінде бағыттамалы бұрмаларға дұрыс көңіл бөлінбейді, бұрма жолдың ұштары желінген, жолдар сапасын тексеру де нашар жүргізіледі. Тексеру анықтағандай, Атырау қалпына келтіру пойызында техникалар дайын емес. Барлық салада мамандардың өз салалары бойынша білім деңгейі төмен, 17 адам кері аттестациядан өтуге жіберілген. Құрылымдық бөлімшелердің қай-қайсысында да ауысымды тапсырып-қабылдау талапқа сай жүргізілмейді, ол вагон қараушы не тепловоз машинисі, жөндеушілер болсын, бәрі де салғырт қаралады. Локомотив кезекшілерінің өз міндеттерін білуі, таспа жазуларын тексеру төмен, кемшілік уақытында түзетілмейді. Машинист-нұсқаушылардың жұмысын ширатқан дұрыс. Байланыс саласы бойынша СОБ қондырғысын күтіпұстау, оларды қолдану технологиясы мен нормативтер сигнализация және байланыс дистанциялары басшылары мен участок жетекшілері, аға электромеханиктер тарапынан жеткілікті дәрежеде орындалмайды. Мекемелерде өрт қауіпсіздігі бойынша да ескертулер көп болды, көбінде өрт сөндіру гидранттары, су қоры жоқ, мекемелер өрт сөндіру құралдарымен толықтай қамтылмаған.  

Жалпы, қай мекемеде де мамандар «көп болса бір ескерту не сөгіс алармыз» деген түсінікке еті үйреніп кеткені айтылды. Ал оның артында қозғалыс қауіпсіздігі сақталмай, апат орын алуы мүмкіндігін ескермейді. Бұл ең алдымен басшылар тарапынан жұмыстың жоғары сапада орындалуын талап ету деңгейі төмен екендігін білдіреді.  

Жиын соңында аталған жайттар саралана келе, бөлімше басшылығы көктемгі тексеріс анықтаған кемшіліктерді түзету, олқылықтарды қалпына келтіру, мамандардың білімі мен біліктілігін арттыру, өз міндеттеріне жауапты қарау, техникалық сабақтар сапасын жақсарту, еңбек және қауіпсіздік техникасын сақтау жөнінде шешімдер қабылдады. Сонымен қатар, қауіпсіздік сынға түскен өндірісте көзжұмбайлықтан арылу керектігі қатаң сөз болды.  

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл