Жамбылда еңбек қауіпсіздігі бойынша семинар өтті

Қауіпсіздік
15.07.2024, 11:21
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ –  «Жүк тасымалы» ЖШС филиалы «ЖТ-Жамбыл бөлімшесі» еңбек қауіпсіздігі және экология саласындағы жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында арнайы семинар өткізді.

«Жазатайым оқиғалардың алдын алу және ескерту» тақырыбын қозғаған семинарға еңбек және экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне жауапты мамандар мен жетекші инженерлер қатысты.  

Семинарда Жамбыл бөлімшесінің бас инженері Дүйсенбек Сыдықов арнайы ұйымдастырылған іс-шараның мақсатына тоқталып, теміржолда туындайтын қауіп-қатерлердің себептері мен салдары туралы ашық талқылауға шақырды.  

Сондай-ақ еңбекті қорғау және экология бөлімінің бастығы Медет Қарымбаев, еңбекті қорғау инженері Әділет Түлеков, қоршаған ортаны қорғау инженері Мерей Беделбай еңбек және экологиялық қауіп-қатердің алдын алу бағытында бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстарға тоқталып, баяндама жасады.

– Семинарда жыл басында Шу-Шығанақ учаскесінің, Жиделі-Бірлік телімінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты анықталған деректер мен себеп-салдарлары сөз болды. Мұндай оқиғалардың алдын алу мақсатында 29 қаңтар мен  29 ақпан аралығында Жамбыл вагон пайдалану депосы «Еңбекті қорғау жөніндегі ерекше жұмыс режиміне» ауыстырылған болатын. Ал 25 қаңтар мен  25 ақпан аралығында Жамбыл бөлімшесінде «Ең бастысы - еңбек қауіпсіздігі» атты өндірістік жарақаттанудың алдын алу шараларын жүргізуге бағытталған  айлық жарияланып, ол 27 наурызға дейін ұзартылып, бөлімшеде тиісті жұмыстар жүргізілген еді. Біз орын алған олқылықтардың түпкі себебін анықтап, кемшіліктер мен озық тәжірибелерді бөлісіп отыруымыз керек. Еңбек жағдайларын жақсарту, тәуекелдерді, қауіп-қатерлерді дұрыс бағалау – өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алудың негізгі жолы, - дейді Медет Қарымбаев.

Жалпы Жамбыл филиалы бойынша қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына жеткілікті қаражат бөлініп, ол толық игеріліп отыр.  Қоршаған ортаны қорғау инженері Мерей Беделбайдың айтуынша, ҚТЖ бойынша жүргізілген «Батареяны өткіз де кірпіні құтқар» жобасы шеңберінде  Жамбыл филиалы бойынша «Эко-РБК» компаниясымен келісім шарт жасалып,   биылғы алты айда 55,5 келі батарея  мамандандырылған кәсіпорындарға тегін және ақылы негізде кәдеге жарату үшін беріліпті. Бөлімшелерде пайдаланылған батареяларды  жинауға арналған  арнайы жәшіктер орнатылған.  

Сонымен қатар, металл, пластик шыныларды, қағаздар қалдықтарын жинау және қайта өңдеу бойынша тиісті кәсіпорындармен келіссөздер жүргізіліп, бірқатар жұмыстар атқарылған. Жыл сайынғы экология қауіпсіздігі бойынша біліктілікті арттыру курсына 5 жауапты маман оқуға жіберіліп отыр.  

Жиында жауапты қызметкерлердің бірінші жарты жылдықта атқарған жұмысы тыңдалып, екінші жарты жылдықтың жоспары бекітілді. Тағы бір айта кететіні, 10, 20, 30 жылдан астам уақыт жазатайым оқиғасыз  жұмыс істеген мекемелер   анықталып,  филиал директорының Алғыс хаты табыс етілді.

Үздік ұжымдардың қатарында 30 жылдан астам уақыт өндіріс жарақатын болдырмай, жазатайым оқиғалардың алдын алу және ескерту бойынша жұмысты тиімді ұйымдастырған Түрксіб станциясы тұр. Ал  20 жылда бірде бір өндірістік жарақат орын алмаған  Шу станциясын  және  10 жыл  келеңсіз оқиға тіркелмеген Сарышаған айналмалы локомотив депосын да атап өткен жөн.

Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап