Күзгі байқау нәтижесі нені көрсетті?

Қауіпсіздік
23.10.2024, 14:08
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Күзгі байқауды қорытындылау жиынында қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметтік-техникалық ғимараттар мен жасанды құрылыстардың жағдайы бойынша барлық шаруашылықтардағы кемшіліктер жіктеле сараланды.  

Жиынға барлық құрылымдық бөлімшелер басшылары мен жауапты мамандар қатысты. Күзгі тексеру барысында станциялардың техникалық жағдайы, жолдың үстіңгі қабаты, магистральдық инфрақұрылым мен жасанды құрылыстардың жағдайы, су мен жылу нысандары, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері, орталықтың бұйрықтары мен басқа да нұсқаулықтарын орындау тәртібі қаралған. Өткен 9 айда Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша қозғалыс қауіпсіздігін бұзу салдарынан 5 жағдай тіркелген. Әрбір жағдай бойынша жедел талдау жүргізіліп, кінәлі қызметкерлер тәртіптік жазаға тартылған. Бұл жайттар ревизорлар тарапынан да қаралып, кемшіліктерді бірлесе шешудің жолдары қарастырылған. Бөлімшеде өндірістік жарақаттануға жол берілмеген. Пойыздық және маневрлік жұмыстарда жазатайым жайттар болмаған. Жалпы алғанда, қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, техникалық құралдардың жағдайы, ғимараттардың абаттандырылуы, жұмысшылардың тәртібі қанағаттанарлық.  

Тексеру коимиссиясының төрағасы, Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Аслан Базарғалиев өткен 9 айда 8 көрсеткіштің орындалғанын атап өтті. Тек жүк түсіру бойынша бір көрсеткіш көңілден шықпаған. Оған себеп, Атырау – Астрахань республикалық маңызы бар автомобиль жолының құрылысын жүзеге асырушы «Қазавтожол» кәсіпорны қаңтар айында 2024 жылға жүктерді тасымалдауға ақы төлеуге шарты болмауына байланысты орын алған. Қантар айында 1 мың 29 вагоннан жүк түсіріліп  жоспар 328 вагонға аз орындалған. Сондай-ақ 2024 жылдың 7 сәуірінде көктемгі су тасқынының басталуы, сәуір, мамыр, маусым айларында Атырау облысы бойынша төтенше жағдайдың жариялануы да жүк түсіру процесінің төмендеуіне әкелген.  

Бөлімше бас ревизоры Жәнібек Көбеевтің баяндағанындай, қай мекемеде болса да басшылар тарапынан қадағалау, нормативтік құжаттарға сай талаптарды орындау, құжаттарды жүргізуде кемшіліктер бар, жұмысшылардың мамандығына сай білім дәрежесі төмен жайттар да кездеседі. Локомотив шаруашылығы бойынша 93 кемшілік анықталған. 1 адам қайта аттестациялауға жіберілген. Деполарда машинист-нұсқаушылары тарапынан локомотив бригадалары құрамымен тәрбиелік-алдын алу жұмыстары жеткілікті деңгейде жүргізілмейді, машинист жұмысын бақылау төмен, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бойынша кешенді ұйымдастыру және техникалық шаралар жүзеге асырылмайды. Локомотив деполарының басшылары мен орта буындары, нұсқаушылар тарапынан өздеріне қарасты мәселелер бойынша қажетті шешім қабылданбайды екен. Атап айтқанда, олар жұмыс технологиясын, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатында ұйымдастырушылық және техникалық шаралар қабылдау, цехтар мен учаскелерді тексеру, локомотивтердің жөндеу сапасын қадағалау, жылдамдықты реттеу лентасы мен кассетасының дұрыс көрсетуін, жөндеуден шыққан локомотивтердің жағдайын тексеру, т.б. мәселелер. Ганюшкино мен Сағызда локомотив бригадаларының демалатын орны күрделі жөндеу жүргізуді қажет етеді, өйткені машинистердің уақытылы демалуы маңызды.  

Вагон қараушылар тарапынан вагонды қарау кезінде қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін кемшіліктер анықталмай жатады. Жоспардан тыс техникалық сабақтар да уақытылы өткізілмейді. Сондықтан өндірістік-техникалық қызмет көрсетудің сапасын арттырып, вагон қараушылардың жұмысына бақылау жүргізу қажет. Бақылау-жөндеу пункттерінде жөндеу сапасын, технологиялық процеске асығыстықпен қараушылық та бар. Мәселен, 68 жүк вагонның 19-ы тексеру кезінде кері қайтарылған. Сол секілді екі жолаушы пойызының ішінде 9 вагон қозғалысқа қауіпті екені анықталған. Қосалқы бөлшектер де жеткіліксіз, соның кесірінен ағымдағы жөндеу жасауға кедергі бар. Жолаушы вагондарына қажетті қосалқы бөлшектер де жеткіліксіз жағдайда. Қосалқы бөлшектерге мерзімінде тапсырыс беріп отыру ескеріле бермейді. Жұмысшылар техникалық сабақтарға белсене қатыспайды, ал басшылық олардың қатысуын қадағаламайды. Соның салдарынан білімсіздік, біліксіздік орын алады.  

Қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздарында да техникалық сабақтар деңгейі төмен, білім деңгейлері тексерілген журнал дұрыс жүргізілмейді, техникалық құралдардың жай-күйіне де жеткілікті көңіл бөлінбейді. Байланыс және электрмен қамту динстанцияларында да кемшіліктер бар. Желілік учаскелерде құралдар сапасын тексеру дұрыс жүргізілейді. Мойындық жолдардағы бұрмалар, бағдаршамдар, КТСМ құрылғылары үздіксіз жұмыс жасауы тиіс. Электр қазандары, электр желілерін, бағыттамалы бұрмаларды сыртқы тексеруді, рельс шынжырларының оқшаулау элементтерін тексеруді жүргізу және жөндеу бағытындағы кемшіліктер бар. Барлық дистанцияларда техникалық құжаттама жүргізуде де олқылықтар орын алған, журналдар дұрыс толтырылмайды.  

Жол шаруашылығы бойынша барлығы 561 ескерту анықталған. Ескірген шпалдар, бағыттағыш бұрмалардың бекітпелері осал, дұрыс жұмыс жасамай қалады. Бағыттағыш бұрмалардың ұштары желініп қалады. Сағатына 40 км төмен жылдамдықпен жүретін участоктер де кездеседі. Жөндеуден шыққан материалдар сол жерде шашылып қалған, оны уақытылы жинастырып, қоймаға өткізу қажеттігі ескертілді. Ревизордың айтуынша, жолдардың сапасыздығы әсіресе Атырау – Мақат аралығында көбірек анықталған. Магистральдық желі бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы А.Рахмеденов биыл 69,6 шақырым күрделі жөндеуден өткенін, оның ішінде Атырау – Мақат аралығында ст.Жамансор – рзд 377 – ст. Мақат аралығында жоспарда белгіленген 22,7 шақырым жол және Мұқыр – Жантерек – Кенбай аралығында 22,20 шақырым жол күрделі жөндеуден өткенін тілге тиек етті. Жол сапасы жақсаруының нәтижесінде жолаушылар пойызының жылдамдығы 60км/сағ-120км/сағатқа, жүк тасымалы пойызының жылдамдығы 50км/сағаттан 100км/сағатқа көтеруге ықпал еткен.  

Алда қылышын сүйретіп қыс келмек, сондықтан қамсыз болмаған абзал. Жалпы аймақ мекемелерінде жылу беру жаман емес. Бөлімше бас инженері Бауыржан Картанның айтуынша, бөлімше қысқа 100 пайыз дерлік дайын. Барлық мекемелерде жылу уақытылы берілуде. Жұмысшылар қысқы арнайы киіммен де қамтылған. Тек етіктер біртіндеп жеткізілуде, қазіргі уақытта барлығы 225 дана етік келіп тұр, 30 қарашаға дейін қалғаны келеді деп күтілуде. Сонымен қатар әр мекеменің қар күреу-жинау арнаулы техникалары болуы тиіс, оны да үнемі назарда ұстау керек. Станциялардағы үлкен мәселенің бірі – жердің ластануы, майлануы. Тепловоздардан вагондардан аққан май жерге ағып, ол экологияға зиян келтіреді. Бұл қай станцияға да тән құбылыс. Сондықтан топырақты, станция жолдарын майдан тазартып отыру қажет. Жиын барысында барлық нысандардағы өрт қауіпсіздігі мәселесінің өте сын көтергісіз жағдайда екені де баса айтылды. Сондықтан барлық мекемелер өрт қауіпсіздігіне аса мән беруі қажет.  

Жиын соңында Аслан Базарғалиев көп нәрсе басшыларға байланысты екенін айтты. Құрылымдық мекеме басшылары өздері желіге шығып, кемшіліктерді, нормативтік талаптардың орындалуын жете қадағалауы тиіс. Әр басшы мен әрбір жұмысшы өз міндетін үлкен жауапкершілікпен орындаса, кемшілік аз болатыны да түсінікті. Аталған жайттар саралана келе, бөлімше басшылығымен аталған кемшіліктерді түзету, көктемгі тексеріс анықтаған олқылықтарды қалпына келтіру жөнінде шешім қабылданды.

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды