Еңбек ұжымдарына үндеу

Қауіпсіздік
17.10.2025, 09:12

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов  еңбек ұжымдарына арнап үндеу жасады.  

Қадірлі әріптестер!  

Бүгінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ алдында бүкіл Еуразиялық транзиттің болашағын айқындайтын міндеттер тұр. Біз болат магистральдарды басқарып қана қоймай, еліміздің транзиттік әлеуетін күшейтіп, озық цифрлық технологияларды енгізіп, инфрақұрылымды ауқымды түрде жаңғыртудамыз. Алайда барлық экономикалық көрсеткіштер мен пайданың артында талқылауға жатпайтын құндылық – адам өмірі тұр.  

Экономикалық көрсеткіштер адам өмірінен жоғары болмауы тиіс. Біздің компанияның басты құндылығы – біздің қызметкерлеріміз. Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мен әрбір қызметкердің денсаулығы басты басымдық болып қала береді.  

Бұл қағидат басқару стратегиясының негiзiнде жатыр. ҚТЖ-ның басты мақсаты – жарақаттануды болдырмау. Бұл жай ғана ұран емес, жүйелік тәсілді және әркімнің жеке қатысуын талап ететін қолжетімді міндет.  

Біз, нөлдік жарақат – әрбір қызметкер өзінің де, әріптестерінің де қауіпсіздігі үшін жеке жауапкершілікті сезінген жағдайда ғана мүмкін болатынына сенімдіміз. Ол үшін ҚТЖ құндылықтарды декларациялап қана қоймай, нақты тетіктерді енгізеді:  

• Қауіпті жұмысты тоқтат  

Осы қағидатты қолдану практикасын кеңейту әрбір қызметкерге, егер ол оны қауіпсіз емес деп санаса, тәртіптік салдардан қорықпай, кез келген процесті тоқтатуға сөзсіз құқық береді. Бұл – өндірістегі өмірді қорғаудың ең қуатты кепілі.  

• Көшбасшылық және мотивация  

Барлық деңгейдегі басшылар өздерінің көшбасшылығын жеке үлгі және әділ мотивация арқылы нығайтады. Біз үздік әлемдік тәжірибені енгізіп, еңбек ұжымдарымен бірге қауіпсіздік мәдениетінің жалпы деңгейін арттырамыз.  

• Жүйелі оқыту, тәжірибе алмасу және тәлімгерлік  

Біз күш-жігерімізді қауіпсіздік саласындағы үздік тәжірибелерді, соның ішінде халықаралық әріптестермен белсенді ынтымақтастықты жүйелі түрде оқытуға және алмасуға бағыттаймыз. Тәлімгерлік институты енгізілуде. Қауіпсіздік – бұл үздіксіз жетілдіру процесі.  

• Тәуекелдер мониторингін дамыту  

Цифрландыруға және жасанды интеллект енгізуге бүгінгі инвестициялар тасымалды жеделдетуге ғана емес, бірінші кезекте персонал мен активтерді қорғауға да бағытталған.  

Біздің мақсатымыз – темір жолды Еуразиядағы ең қауіпсіз, ең сенімді және ең тиімді көлік жүйесіне айналдыру.  

Баршаңызды өзіңізді және әріптестеріңізді сақтауға, кәсіби және қауіпсіз жұмыс істеуге шақырамын! Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – бұл жай ғана нұсқауларды орындау емес. Бұл – өз отбасына, жақындарына және біздің Компанияның болашағына қамқорлықтың жоғары көрінісі.  

Біз елдің көліктік қуатын нығайтуды жалғастырамыз, бірақ табыс тоннамен және триллиондармен емес, сақталған өмірмен өлшенетінін үнемі назарда ұстаймыз.  

Талғат Алдыбергенов,  

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы

 

Жаңалықтар
17.10.2025
«Таза Қазақстан: теміржолшылар 90 мыңнан астам ағаш отырғызды
Жаңалықтар
17.10.2025
Оқытушылар құрамы ҚТЖ-да тағылымдамадан өтті
Аймақтар
17.10.2025
ШҚО теміржолшылары көмір қорын тексерді
Жаңалықтар
17.10.2025
Теміржолшы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
Жаңалықтар
17.10.2025
ҚТЖ электрмен жабдықтау шаруашылығында телемеханика жүйесін жаңғыртуда
Қауіпсіздік
17.10.2025
Еңбек ұжымдарына үндеу
Аймақтар
17.10.2025
Әлеуметтік ахуал – ерекше назарда
Аймақтар
17.10.2025
Теміржолшылардың отбасына алғыс хат табысталды
Аймақтар
17.10.2025
Атырауда теміржолшылар кәсіподақтың 120 жылдығын атап өтті
Әлеумет
17.10.2025
100 теміржолшы донор болды
Жаңалықтар / Мұрағат
17.10.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №86 17 қазан 2025 жыл
Жүк тасымалы
16.10.2025
ҚТЖ Шығыс Қазақстанға көмірдің үздіксіз теміржолдық жеткізілімін қамтамасыз етеді
Жаңалықтар
16.10.2025
ҚТЖ-да жапондық Riken KOGYO компаниясы өкілдерімен кездесу өтті
Аймақтар
16.10.2025
Жамбылда экологиялық акция жалғасуда
Трансформация
16.10.2025
Тепловоздарды автоматтандыру процесі үздіксіз жүруде
Аймақтар
16.10.2025
Түбекке су жаңа тепловоздар келді
Қауіпсіздік
16.10.2025
Атырауда биыл 417 рет шұғыл тежеу қолданылған
Жаңалықтар
16.10.2025
ҚТЖ, ГТЖ және қазақстандық экспорттаушылар жаңа мүмкіндіктерді талқылады
Жаңалықтар
16.10.2025
ҚТЖ Жас кадрлар резервіне іріктеу жариялайды
Жаңалықтар
16.10.2025
Қара теңіз бен Каспий арасында жаңа контейнерлік бағыт іске қосылатын болды