Жәдігерлер сыр шерткенде...

Темір жол тарихы
31.01.2022, 12:23
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Ғасырдан астам тарихы бар Қызылорда локомотив пайдалану депосының мұражайында өткен күннен сыр шертетін бірегей жәдігер сақтаулы тұр. 1976 жылы депоның 70 жылдығы қарасаңында ашылған мұражай жыл өткен сайын жаңа экспонаттармен толықтырылып келеді. Көненің көзі – алып паровоз бен ҰОС ардагерлеріне арналған аспан асты мұражайына депо ауласынан орын берілген.

Мұражай табалдырығынан аттасаңыз, қарама-қарсы екі қабырғаға ілінген қос картаның бірінде 19-ғасыр, екіншісі 20-ғасырда аймақтағы теміржол құрылысының сұлбасы бедерленген. Бұдан кейінгі экспонаттардан өткен ғасырдың басында салынған Ташкент-Орынбор теміржолы құрылысынан тарихи суреттер мен құжаттар, алғашқы станциялар сұлбасын көруге болады. Келесі экспозицияда қала тарихы, яғни 1853 жылы қоқандықтарды аймақтан қуып шығып, Перовск бекінісінің (Перовск – Қызылорданың алғашқы атауы) салынуы жайлы мәліметтер бар.

Бөлімше теміржолындағы станция мен бекеттердің, вокзал ғимараттарының, локомотив депосының ең алғашқы нұсқасы, кейінгі және бүгінгі көріністері, даму кезеңдерінен сыр шертетін суреттер келесі бір экспозицияда орын алған. Осындай экспозициялардың бірінде депо теміржолшыларының 1905-1907 жылдардағы революциялық дүмпуге үн қосқаны байқалады. Социал-демократтардың ықпалымен жұмыс сағатын азайту, жалақыны көтеруді талап еткен депо слесарі А.В.Червяков бастаған, құрамында жеті мүшесі бар «большевиктік жетеу» ұйымының суреттері сақталған. Жалпы мұражайға қойылған экспонат, тақта-стенд, сұлба-макет, әртүрлі құжаттар, кітаптар секілді 150-ден астам жәдігердің арасында не жоқ десеңізші?! 1902 жылы шығарылып, ұзақ жыл қолданыста болған шойыннан жасалған рельстің сынығы да сақталған.

– Мұражайға қазалылық теміржолшылар әкеліп тапсырған, бүгінде тарихи жәдігерге айналған рельстің үш түрі бар. Оның бірінің ұзындығы 113 см, ені 10 см, биіктігі 11,5 см көлемінде, жақтау қабырғасында «к.з.кн.Б.БЬЛОСЕЛЬСКАГО 1902 года» деген жазу жазылған, – деді мұрайжай қызметкері Қызғалдақ Оспымбетова.

Тарихқа көз жіберсек, бұл рельс Ресейде теміржол енді пайда болған екі ғасыр бұрын Еділ-Жайық өңірінде темір қорытып, болат рельс шығаратын князь Белосельский-Белозерскийдің шеберханасының өнімі болса керек деп ой түюге болады. Князьдің Уфа губерниясының Катав-Иванов мекенінде де темір-болат балқытатын шеберханасы болды деген деректер бар. 1901 жылдан бастап шеберханадан шығарыла бастаған мұндай рельстердің екінші жақтауына к.ж.д деген мөр-таңба (клеймо) басылыпты. Сәйкесінше, бұл белгілер қазыналық темір жол аббревиатурасы немесе «Константинов темір жолы» дегенді білдірсе керек. Белосельский-Белозерскийдің шеберханасының өнімі Орынбор-Ташкент теміржолының құрылысына пайдаланылып, Сыр бойына да жеткен болып тұр ғой.

Мінеки, екі ғасырды жалғастырып жатқан теміржолдың тарихын зерделей келе талай-талай тұма сырға қанығуға әбден болады...

Жаңалықтар
06.02.2026
ҚТЖ көктемгі су тасқынына дайындықты бастады
Жаңалықтар
06.02.2026
ҚТЖ қалпына келтіру пойыздарын заманауи техникамен толықтырды
Станция тынысы / Қауіпсіздік
06.02.2026
Қауіпсіздікті қадағалаудың қандыағаштық үлгісі
Жаңалықтар
06.02.2026
Корея жастары ҚТЖ-ға келді
Сұхбат
06.02.2026
Қанат Әлмағамбетов: «Өтініш-шағымдарды екі есе төмендетуге қол жеткіздік»
Қауіпсіздік
06.02.2026
Алматыда арнайы сабақ ұйымдастырылды
Жаңалықтар
06.02.2026
Мұқағали мұрасы – ұлт қазынасы
Аймақтар
06.02.2026
Атырау теміржол музейі жаңа есіммен толықты
Жаңалықтар
06.02.2026
2025 жылы Khorgos Gateway-дың транзиттік әлеуеті артты
Жаңалықтар / Мұрағат
06.02.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №9 06 ақпан 2026 жыл
Жаңалықтар
05.02.2026
Өзбекстан Түркия арқылы теңізге шығудың жаңа жолын тапты
Қауіпсіздік
05.02.2026
Сексеуілде теміржол қауіпсіздігіне арналған тораптық жиын өтті
Жаңалықтар
05.02.2026
«Нұрлы жол» вокзалында «Құқықтық дәріхана» профилактикалық акциясы өтті
Әлемде
05.02.2026
Ұлыбританияда алғашқы аккумуляторлы пойыз жолаушы тасымалдауды бастады
Жаңалықтар
05.02.2026
Қазақстан мен Пәкістан көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар
04.02.2026
Қазақстан мен Пәкістан Солтүстік – Оңтүстік бағытында мультимодальды тасымалдарды дамыту туралы келісті
Спорт
04.02.2026
Қыс қызығы – «Кәсіподақ шаңғысы»
Жолаушылар тасымалы
04.02.2026
Вокзалдарда мүгедектігі бар жолаушыларға арналған жаңа сүйемелдеу қызметі іске қосылды
Әлемде
04.02.2026
DB және Alstom пойыздарды қашықтан басқару технологиясын сынақтан өткізуде
Цифрландыру
03.02.2026
Сингапурлық технология Қазақстан логистикасын қалай өзгертті?