Теміржол инженері Мұхаметжан Тынышбайұлының туғанына 145 жыл

Темір жол тарихы
23.01.2024, 07:56
Оқуға 3 мин
Қазақстан теміржолшысы

Биыл қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері Мұхаметжан Тынышбайұлының туғанына 145 жыл толады.

Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында, қазіргі Жетісу облысы Қабанбай ауданында өмірге келген.  

Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданады. Мұхамеджан Тынышбаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пет өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір.  

1900 жылы Мұхамеджан император I Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтына қабылданады. Бұл институтты 1906 жылы бітірген.

М.Тынышбаев 1906 жылы елге келіп, біраз уақыт Жетісу теміржолын жобалау ісіне қатысады. I Мемлекеттік Думаның қуғындалғанынан хабардар ол ел құқына қажетті табанды қоғамдық-саяси жұмысымен көрінеді.

1907 жылы 28 жасында II Мемлекеттік Думаға Жетісу облысы атынан депутат болып сайланады. Сөйтіп, енді ол биік саясатқа көтеріледі. Ол Түркістан генерал-губернаторлығы қарамағындағы аймақтың теміржол құрылысына инженер ретінде атсалысады. 1907- 1914 жылдар аралығында Әмудәрия үстіне салынған көпір құрылысына, Ұрсат (Урсатьевск) - Әндіжан теміржол құрылысына жетекші маман, бас инжетер есебінде қатысады. Теміржол саласына байланысты еңбегін ғана парақтағанның өзінде М.Тынышбаев - Кіндік Азия көлемінде еленуге лайықты инженер-теміржолшы.  

1914 жылы қайраткер Жетісу темір жол құрылысына қайта ауысады. Бұл жолы ол Арыс - Әулие ата учаскесінің басшысы және бас инженері болып қызмет атқарды.  

Түрксібті салу жөнінде шешім қабылданған уақытта  Мұхамеджан Тынышбаевты да Түрксіб құрылысымен айналысатын арнайы комиссияның құрамына кіргізуді ұсынған бұйрық шығады. Сонымен құрылыс басталар сәтте келіп жетеді. Рысқұлов бұл үшін арнайы Мәскеуден келіп, Лугавой бекетінде теміржолдың тұсауын кеседі. Тұсаукесер рәсімі ретінде паравоз киіз үйдің ішімен жүріп өтеді. Бұл 1921 жылдың 27 қарашасы болатын. Салтанатты жиында барлығы сөз сөйлеп, паравоз Сібір бағытындағы алғашқы шақырымды жүріп өтеді. Рысқұлов бастаған бір топ басшы қолдарына балға алып, теміржолдың алғашқы сыналарын қағады.  

Сол кезде Мұхамеджан Тынышбаев құрылыстан ешқандай хабары жоқ жергілікті қазақ балаларына арналған курстар ашады. Ауыл балаларына теміржол құрылысының қыр-сырын үйрете бастайды. Онда 50-ге жуық қазақ баласы білім алады. Мұхамеджан Тынышбаев оларға арнап оқулықтар жазады.  

Кеңес үкіметі Алаш зиялыларының іс-әрекеттерін жіті назарда ұстап, 1937–1938 жылдары жаппай жазалауға ұшыратты. М. Тынышбаев 1930 жылдың 3 тамызында кеңес билігі тарапынан саяси қуғындауға түсті.

Ол бес жылға сотталып, Воронежге бес жылға жер аударылады.1933-1937 жылдары ол айдауда жүргенінде Москва-Донбас темір жол құрылысында жұмыс істейді.

М. Тынышбаев ауырып, елге оралғанымен 1937 жылы қараша айында қайта тұтқындалады да, 1937 жылы Ташкент түрмесінде «Халық жауы» деген желеумен атылады.

1959 жылдың 29-қыркүйегінде Мұхаметжан Тынышбаев Қазақ КСР-сы Жоғарғы сотының, кейін 1970 жылы КСРО прокуратурасы мен Түркістан әскери округының прокурорының шешімімен ақталып шықты.

Мұхамеджан Тынышбаевқа қатысты тарихи құжаттар мен деректер елімізде, ТМД елдері қалаларының (Мәскеу, Петербург, Самара, Уфа, Том, Қазан, Ташкент, Қоқанд, Ашғабад және т. б.) мұрағат қорларында және алыс шетелдерде түрлі ресми-қоғамдық мекемелер мен жеке коллекционерлердің қорларына шоғырланған.

Қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженеріне қатысты құжаттар қоры «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның бас ғимаратында да жасақталған. ҚТЖ музейінің ішінде Мұхамеджан Тынышбаев бұрышы бар. Онда қоғам қайраткеріне арнап стенд қойылған және үлкен портреті тұр. 2021 жылы М. Тынышбаевтың портретін оның жиен немересі музейге өз қолымен әкеліп тапсырған екен. Сондай-ақ галлереядан Тынышбаевтың кенже ұлы Дәулеттің фотосын көруге болады.  

 

Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді