Берлинге жеткен жауынгер

Темір жол тарихы
06.05.2020, 12:15
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ұлы Отан соғысының ардагері, қарт теміржолшы Василий Сердюков соғысқа аттанғанда кәмелет жасқа енді жеткен еді. Ақмола өңірінің Богдановка ауылында туған ол мектепті бітірер-бітірместен әскер қатарына шақырту алады.

Бала арманы авиациялық училищеге түсіп, ұшқыш болу еді. Бірақ сол күйі ол арманы орындалмай қалды. 1943 жылы 17 жасында ағасымен бірге Шортанды аудандық әскери комиссариатынан келген шақыртумен Ресейдің Саратов облысындағы Хвалынск қаласына әскерге кетеді. Мұнда ол автополкіне түсіп, бірнеше ай оқып сержант атағын алады. Одан әрі Белоруссия артиллериялық әскери бөлімінің 26-шы ауыр миномет бригадасына соғысқа жіберіледі.

– Ол жақта «Студебекер» деген америкалық машиналармен 160-миллиметрлік минометтерді тасыдық. Бұл минометтер тек сол 1943 жылдың басында ғана әскерге жаңадан берілген екен. Біз Минск, Варшаваны жаудан азат етуге қатысып, Висла, Одер, Шпре өзендерінен өттік. Ең ауыр ұрыстар Берлиннің іргесінде, қаладан 75 км қашықтықтағы Зееолов биігінде болды, осы жердегі кескілескен соғыста 35 мың кеңес сарбазы қаза тапты деген дерек бар, – деп еске алады соғыс жылдарын ардагер.

Биыл 94 жасқа келетін ардагер соғысқа бауырымен бірге аттанып, елге жалғыз оралады. Қаза тапқан ағасын бауырластар зиратына өзі жерлейді.

– Мен осы зиратта соңғы рет 2011 жылы болдым. Бауырымның басына барып қайттым. Ал Зеелов биігінде мемориал ескерткіш орнатылған. Онда биік таудың басында солдат автоматымен тұр. Біз пайдаланған пушкалар мен танкалар, соғыс кезінде тасыған миномет бәрі сонда қойылған, – дейді В. Сердюков.

Соғыс аяқталғанмен Василий Сердюков елге тек 1946 жылы ғана оралды. Оған дейін Германиядағы әскери бөлімде қызмет етті. Ал туған жеріне келгесін елордадан 75 км жердегі Жолымбет кен орнында көлік жүргізушісі болып еңбек етті. Новосибирск темір жол көлігі әскери инженерлері институтына оқуға түсіп, оны бітірген соң Қарағанды темір жолына жұмысқа барды.

Мұнда ол станция бастығы, бастықтың орынбасары тағысын тағы жауапты қызметтерді атқарады. Кейін денсаулығы сыр берген соң кадрлар дайындайтын темір жол мектебінің бастығы қызметіне ауысып, сол жерде 1990 жылы зейнетке шыққанша еңбек етеді. Бүгінде ардагер Нұр-Сұлтан қаласында отбасымен бірге тұрады.

«Жастарға тілегім – Отанды сүйіп, өз елдеріңнің патриоты болыңыздар! Қазір мемлекет оқып, білім алу үшін бәрін жасап жатыр. Сол мүмкіндікті пайдалану керек. Сондай-ақ салауатты өмір салтын сақтап, денсаулықтарыңызды күтіңіздер!», – деп кейінгі ұрпаққа ақыл-кеңесін берді.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті