Теміржолшы һәм саятшы

Аймақтар
21.03.2023, 10:30
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Ақтөбе-Маңғыстау» пойызының бастығы Әліби Танимов – көшпелі елдің ажырамас ұлттық кәсібі аңшылық өнерді ұстанған жан. Бала кезден әуес саятшылық өнеріне бүкіл бос уақытын арнайды.

38 жастағы жігіт ағасы 20 жылдан бері аңшылықпен кәсіби түрде айналысады. Қанжығасында жыртқыш аңның барлық түрі бар. Қаз бен үйректен бөлек, қасқыр, түлкі, қоян, жабайы қабанға дейін ұстаған. Бос уақытында тазы жүгіртіп, ат баптайды.  

«Біз заңды түрде аңшылық етеміз. Құжатым да, қаруым да бар, бірақ аңды қорлауға болмайды, киесі бар деген ұстанымдамын. Бұл – хобби. Тек маусым кезінде аң аулауға шығамыз», – дейді сері-теміржолшы.  

Бүгінде мылтық асынып, тазы жүгіртіп, құс салатын аңшылық һәм саятшылық кәсібі қайта дамуда. Ата жолын жалғастырып келе жатқан серілерді әр жерден кездестіруге болады.

«Аңға шығатын тазы бөлек болады. Мінезді, қырағы келеді. Кез келген тазы жыртқыш аңды ала алмайды. Олардың да өз тактикасы бар. Аңға шығардың алдында бір күн бұрын тамақ бермей, тазыларды дайындаймыз. Дәрумендерін алдын ала беріп қоясың. Ал астыңдағы атың қайратты болу керек», – дейді Әліби.  

Теміржолшы жігіт үшін спорттың бұл түрі нағыз демалыс. Айтуынша, аң аулауды кәсіп еткен адам табиғатты да аялауға тиіс.  

«Құстың жұмыртқалайтын уақытында аңшылық жасалмайды. Көктемде құстың еркегін ғана атуға рұқсат. Әр аңды аулайтын уақыт бар. Буаз кезінде атуға болмайды», – дейді.  

Қазақстан – саятшылықты спортқа кіргізген алғашқы ел. Саятшылық өнер табиғаттағы тепе-теңдікті бұзбай, ұлы үйлесімге кесірін тигізбейтіндей етіп, жүргізілуге тиіс.

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты