Қосалқы бөлшектер жетіспеушілігі шешілуде

Аймақтар
29.02.2024, 11:44
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау вагон пайдалану депосында бүгінде жағдай біраз ілгерілеп, материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. Деподағы күрмеулі мәселенің бірі – қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігі болатын. Бұл мәселе біртіндеп шешіліп келеді.

Мәселен, өткен жылы көптеген қаржы бөлініп, оған аяқты кран, жиынтық колодка, бұранда, құлып, тежегіш башмақтың втулкасы, ішкі серіппе, швеллер, ажыратылған кран сияқты тағы басқа көптеген қосалқы бөлшектер мен техникалық құралдар сатып алынған.

Депоның қызмет көрсету аясы Астрахань облысына таяу Ақсарай станциясынан бастап Бейнеу мен Қандыағаш аралығын қамтиды. Осы аралықтағы вагондардың дұрыс жүріп-тұруына, бұзылмай, сынбай, мүлтіксіз екінші бір станцияға дейін жетуін қадағалап, тексереді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша депода қызметкерлердің кінәсінен апатты жағдайлар орын алмаған, сондай-ақ жұмыс барысында да тұтастай алғанда ақаулық кетпеген. Депо учаскесінде вагондардың бұзылуы немесе цистерналардан Мақат, Құлсары, Сазанқұрақ станцияларында құю барысында ВЧД-1 қызметкерлері кінәсінен сұйық жүктердің ағып кетуі болмаған. Бұл қызметкерлердің өз істеріне жіті көңіл бөліп, аса мұқияттылықпен өз міндеттерін атқаратындығын көрсетеді. Жүк пойыздарының 2 рет кідіруі орын алған, оның негізгі себептері – негізгі техникалық күтім пункттерінде техникалық ақауы бар вагондарды ағыту, техникалық дайындықтың дер кезінде болмауы, тежегіш жабдықтарының ақаулығы сияқты мәселелер. Жалпы, станцияға тәулігіне ондаған вагондар келеді. Вагон қараушылар ақауларды тапқаннан кейін техникалық күтім не қызмет көрсету  пунктіне жібереді. Бүгінде депоның 4 техникалық күтім және қызмет көрсету пункті, 2 бақылау пункті, 15 қауіпсіздік посты бар.  

«Өткен жылы КТСМ арқылы 159 646 пойыз бақылаудан өтіп, жоспар 104% құрады. Вагон буксының қызуы салдарынан 32 пойыз тоқтатылды. Жыл басынан бері келіп түскен ақаулы вагондардың жалпы саны 1 216 болса, соның ішінде 665-і ашық вагондар ағымдағы ағытып жөндеуден өтті. Олардың көбінде доңғалақтардың және тежегіштердің ақаулығы болды. Сондай-ақ жолаушы вагондары бойынша 3705 вагон орнына 6428 вагон жоспарлы жөндеуге қабылданып, оның ішінде 784 вагон қайта жөндеуге жіберілді», – дейді депо бас инженері Рашид Мусабаев.  

Ұжымда жұмысшылардың біліктілігін арттыру мақсатында және қауіпсіздікті сақтау бойынша «Купе және плацкарт жолаушы вагондарының доңғалақ жұптарын ауыстыруды практикалық түрде үйрету» тақырыбы бойынша екі күндік техникалық сабақ, «Тежегіш жабдығына – ерекше бақылау» атты айлық аясында практикалық сабақтар, әртүрлі тақырыптағы айлықтар өтіп тұрады. Оған өңірдегі Ганюшкино, Атырау, Ақжайық, Махамбет, Мақат, Сағыз, Құлсары өндірістік-техникалық қызмет көрсету (ӨТҚК) пункттерінің басшылары, нұсқаушы, техникалық оқыту шеберлері, слесарь-жөндеуші, аға вагон қараушылар үнемі қатысады.  

Депо жұмысшылары вагондарды қарау, қауіпсіздігін қадағалау, жолаушылар мен жүк пойыздарының уақытылы келуі мен кетуі, діттеген жерге ақаусыз, апатсыз жетуі үшін тер төгіп, еңбек етуде, рейтінгілік бағалау бойынша да алдыңғы лектен көрініп жүр.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды