Атырау жүк тасымалының кірісі 24%-ға артты

Аймақтар
08.10.2024, 09:38
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Кәсіпорынның қаржы-экономикалық көрсеткіштері негізінен оның өнімді сату немесе қызмет көрсету арқылы тапқан табысына байланысты. Темір жолда ол негізінен тасымал арқылы көрінеді.

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бастығының қаржы және экономика жөніндегі орынбасары Мұрат Жүгінісовтің мәліметіне сәйкес жүк тасымалы көрсеткіштерінің жоғары болуымен қатар қаржылық жағдайы да жақсарып келеді. Өткен мерзімде қаржылық-экономикалық қызмет бойынша негізгі қызметтен түскен кірістер 63 млрд 126 млн 258 мың теңгені құрады. Яғни 2023 жылғы 8 аймен салыстырсақ, 12 млрд 047 млн 459 мың теңгеге ұлғайған (24%-ға артты). Оның ішінде тасымалдау қызметінен түскен табыс 53 млрд 052 млн 147 мың теңгені құраған. Бұл өткен жылғы фактіге қарағанда 27,1%-ға немесе, 11 млрд 323 млн 542 мың теңгеге артық. Еңбек өнімділігі жоспарға 84%-ға орындалды, пайдалану жүк айналымының 18%-ға орындалмауы кері әсерін тигізді. Негізгі қызмет бойынша шығыстар жоспарға сай 100,5%-ды құрады.  

Сонымен қатар аймақтағы басқа өндірістік орындармен салыстырғанда темір жолда жетекші мамандардың орташа айлық жалақысы өскені байқалады. Мәселен, бүгінде жүк кассирінің орташа жалақысы 459 мың 440 теңге құрайды. Пойыз құрастырушының орташа жалақысы 531 мың 192 теңге. Тепловоз машинисінің орташа жалақысы 765 мың 495 теңге.  

Ұжымдық шарттың және ҚР Еңбек кодексінің талаптарын сақтау, түнгі уақытта, мереке және демалыс күндерінде жұмыс істегені үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар есептеу, жалақыны уақытылы төлеу және қызметкерлердің әлеуметтік пакетін үнемі жақсарту бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізілген.  

– Өңірде әлеуметтік-тұрмыстық еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жұмыс тұрақты жүргізілуде. 2021 жылдан бастап 2020 жылы алынған пайданы ескере отырып, компания жыл сайын қызметкерлердің жалақысын көтеру бойынша жоспарлы іс-шараларды орындап келеді. Мысалы, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 10%-ға және сол жылы 1 шілдеден бастап тағы 10%-ға артты. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметкерлердің тарифтік мөлшерлемелерінің біржолғы өсуі сараланды, мұнда жалақысы төмен лауазымдарда ең көп жалақы өсімі болды. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап лауазымдық жалақының мөлшері қайта қаралды және қызметкерлерге қайта есептеу жүргізілді. 2022 жылғы 1 шілдеден және 2022 жылғы 15 қазаннан бастап кезең-кезеңімен тарихи қалыптасқан «учаскелік» өңірлік коэффициенттерден облыстық коэффициенттерге (бір облыс ішіндегі бірыңғай өңірлік коэффициент) ауысты. 2022 жылғы жалақының өсуінің жалпы өсімі 25-41% аралығында болды. Компания бойынша өндірістік персонал қызметкерлерінің жалақы деңгейі 2020 жылмен салыстырғанда бүгінгі таңда өсім 88% құрайды. Яғни соңғы төрт-бес жылда жалақының айтарлықтай өскенін айта кету керек, – дейді қаржы маманы.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда