Маңғыстау станциясында өртті жою жөніндегі командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті

Аймақтар
06.11.2025, 15:08
Оқуға 2 мин

Маңғыстау теміржол станциясының битум зауыты аумағында «Шартты өртті жою және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу» тақырыбында ауқымды командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті. Іс-шараға Маңғыстау станциясының өрт сөндіру пойызы белсене қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оқу-жаттығу күштер мен құралдардың жауынгерлік әзірлігін тексеруге бағытталған іс-шаралардың жан-жақты кешенін көздейді. Жылу пушкасымен  және көбік генераторларымен жабдықталған өрт сөндіру пойызын жауынгерлік қанат жаю жүргізілді. Суды және көбік құраушы құрамдарды жылдам беру үшін магистральдық және жұмыс желілері дайындалды. Жану ошақтарын оқшаулау және жақын маңдағы инфрақұрылым объектілеріне өрттің таралуын болдырмау үшін арнайы техника пайдаланылды.

Шартты өртті сөндірудің жалпы ұзақтығы 36 минутты құрады. Оқу-жаттығу негізгі өрт сөндіру техникасының тоғыз бірлігін, жеті мамандандырылған автомобильді тартуды талап етті және өрт сөндіру пойызының, Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) және «Семсер» МЕӨҚ бөлімшелерінің 122 қызметкерін жұмылдырды.

Өртті сөндіру үшін 24 м ³ су, 20 литр отын және 270 килограмм көбік пайдаланылды. Іс-шара жеке құрамның төтенше жағдайларды жою жағдайларында өзара іс-қимыл жасауға және міндеттерді тиімді орындауға дайындығының жоғары деңгейін көрсетті.

Іс-шара аясында Маңғыстау және Атырау облыстары ТЖД бастықтарының алғыс хаттарымен ҚТЖ бөлімшесі қызметінің бастығы Қайырхан Таласов пен Атырау облысы қызметінің бастығы Азамат Кусепов марапатталды.

Оқу-жаттығудың өткізілуі персоналды даярлаудың жоғары деңгейін және өңірдің өнеркәсіптік объектілері мен халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, кез келген төтенше оқиғаларға жедел ден қоюға дайындығын растады.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды